Неге Кəріс тілі?

Неге Кəріс тілі?
жеке
блог
Мен Кəріс тілімен, Корей елімен таныс болғаныма бақандай 8 жыл болыпты. Əрине кішкентай кезімнен бұл ел жайлы барлығын біліп кеттім деп те айта алмаймын. Тек кəріс сериалдарынан бастау алған менің қызығушылығым, соңғы 4-5 жылдан бері өмірімнің мəніне айналған-ды. Қалайша?
Көпшілікке таныс «Жігіттің сабаздары» кəріс драмасы менің қазіргі хоббиім мен армандарымның бастауы болған еді. Артынша тағы да көптеген драмаларды көріп жүрдім. Кейіннен кəріс толқынымен, халлю жұлдыздарымен танысып, көбірек біле бастадым. Жалпы айтқанда, бұл тек менің хоббиім емес, атап өткендей мақсаттарымның бастауы, еңсем түскенде демеу болатын дүние, мотивация. Менің жеке əлемім. 
Осы қызығушылығымның жетегінде кəріс тілін үйренуді қолға алдым. Осы тілді тез меңгеруімнің бір себебі кəрісше музыка тыңдап, драмаларын көру деп ойлаймын. Бұл тіпті кез келген тілді меңгеру үшін қолданаын əдістердің бірі десек те болады. 
 
Ал сіз қандай тілді үйреніп жəне қалай үйреніп жүрсіз? Соңғы кезде қандай музыка тыңдап, қандай фильмдер көріп жүрсіз?