Қанша ғылым зерттесе де адам шіркіннің әлі ашылмаған қырлары көп. Өткен күндердің кей бұлыңғыр сәттері көз алдыма келе қалса, көзіме жас үйіріліп шыға келеді.Артынша езу тартып, қайта күле шығамын. Психологтардың арнайы темпераменттеріне бөлгені дұрыс болжам да шығар. Алайда, сол төрт темперамент жылдың төрт мезгілі секілді жаныма айналып келе береді. Бірде көл боп шалқитын, бірде шөл боп құрғайтын адам түсінбес көңіл-күйім өзімді де шаршатты.
Айналадағы құбылыстарға қарай өзгереді дейін десем, айналам әрқашанда бір қалыпта тұрады, еш өзгеріссіз. Бәлкім бұл ғажайып күш адамның тек өзіне байланысты шығар. Ата-анама да ұнамайтын бұл мінез әлі талай адамның шамына тиетін секілді. Көңіл-күйді баланста ұстай алмай, таразының шетінен өзім құлап кететін секілдімін...
Менің өмірде қалағаным бұл емес-ті әсте!
Сіздің көңіліңіздің бүгінгі күйі қалай?