Неге ҚАЗАҚ қыздары некесіз жүкті болуда?
блог
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, әлемде жыл сайын 16 миллион кәмелетке жетпеген қыз екіқабат болып қалады. 15 пен 18 жастағы 3 миллион бойжеткен жасанды түсік жасатады. Олардың қатарында қаракөз қазақ қыздары да бар.
Ойнап жүріп, от басып, балалы болып, бармағын тістеген қыздар еліміздің әр аймағынан кездесіп жатыр. Былтыр Павлодарда 154 жасөспірім қыз жасанды түсік жасатып, 132 оқушы босанған. Ақтөбе облысында үстіміздегі жылдың алты айында 39 жасөспірім қыз жүкті болып, 8-і түсік жасатқан. Былтыр оңтүстікқазақстандық екі оқушы мектеп қабырғасында жүріп, отбасылы болды.
Республикамызда жыл сайын 14 пен 18 жас аралығындағы 10 мыңға жуық қыз түсік жасатады. Бұл – ресми дерек. Ал есепке енбеген, "ұят боладының" кесірінен өмірін өксіткендер қаншама!
Мәліметке қарағанда, өмірге сәби әкелген 10 әйелдің біреуі – балалықтан арылмаған жас қыз. Қазақстандағы жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастық президенті Тамара Жүсіпәлиеваның айтуынша, елімізде 15-17 жас аралығындағы 10 мың жасөспірім жыл сайын ана болады. Бұл нәрестелер некесіз туғандықтан, көбінесе балалар үйіне өткізіледі.
Мысалы менің танысым Әсел 18 жасында, яғни мектеп бітірісімен тұрмысқа шығып, екі айдан кейін босанды. Жас жұбайлар 9-сыныптан бастап қыз бен жігіт болып кездесе бастайды. 11-сыныпта қыздың аяғы ауырлаған. Мөлдірдің басындағы бұл жайтты ата-анасы білмеген. Сыныптастары мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсуге талаптанып жатқанда, олар үйленуге мәжбүр болды.
Ерте шаңырақ көтерген жастар ата-анасына көп ауыртпалық түсіреді. Және мұндай отбасыларда шыны-аяқтың жиі сылдырлайтынын психологтар мен әлеуметтанушылар растап отыр. Оның аржағында ажырасу сынды кесапаттың ауылы да алыс емес.
П.С. Біз - қазақпыз, намысын сатпаған халықпыз. Қандай масқара! Қазақтың қыздарына не болған! Өңкүүүй жүгенсіздер. Зина жасаған жігіт емес, қазақ қыздар-ау ар қайда! Қыздығын сақтамай жүргендерің ұят емес пе!