Неге журналист болуға қызықтым?

Неге журналист болуға қызықтым?
жеке
блог

Әрбір адам үш нәрсені таңдаудан қателеспеуі керек. Соның бірі мамандық таңдау болып табылады. "Кәсібің - нәсібің" деп бекер айтылмаса керек. Себебі арамызда мамандықты өз қалауы бойынша емес ата-анасының немесе басқа кісілердің айтқаны бойынша таңдап бүгінгі күні сол кәсібіне қызығушылық танытпай опық жеп жүргендерді көзіміз көріп, құлағымыз шалып жүр. Не дегенмен таңдаған мамандығың бұл - өмірілік кәсібің, тауып жер наның мен бағыт-бағдарың.

 

Бала күнімнен көк сандықтың төрінде түрлі бағдарламалар мен жаңалықтар таратып отыратын журналист қауымына қызығушылығым түсті. Сол кісілердің сөздерін артынан қайталап, өзімді де журналист ретінде сезінген болатынмын. Есейе келе әкем: "-физикалық мамандық иесі боласың, іздесең жұмыс та көп, нан-пұлыңда жақсы"- деп бұл ойымнан айнытты. Онысы да дұрыс шығар. Қай ата-ана баласының жаман болғанын қалар дейсіз. Міне, 11 сынып. Алда ҰБТ. Өз болашағыңды таңдайтын, өмірдегі өз жолыңды табатын сәт. Шынымды айтсам, не істерімді білмей үш күн ойландым.  Ақыры әкемнің айтқанына көнбей өз жолымды таңдауға бет бұрдым. Журналистика саласына оқуға түстім.

 

"Журналистер бәрін біледі, бірақ нақты емес." Студенттік өмірмде алғаш болып естіген афоризмім осы болды. Иә, журналистер шынымен де бәрін біледі. Физика саласы болсын, ғарыш, заң, тіл саласы болсын бәрінің ортасында жүретін осы журналистер. "Журналистика төртінші билік" деген де сөздер кездеседі. Мұның бәрі шындық.

 

Міне, дәл осы постымды "Қазақстан-Қызылорда" облыстық телеарнасының үстелінде отырып жазудамын. Қайнаған өмір, келіп түсіп жатқан ақпараттар. Ақпаратты билеген адам - әлемді билейді. Осы қағида рас екеніне көзім жетіп отыр. Алда әлі бір айлық өндірістік тәжірибе. Мен өз таңдауымнан қателеспедім десем артық айтқаным болмас