Неге біз осындаймыз?
блог
Біз ашуды ешқашан жеңбейміз! Ия, мүмкін солай шығар. Бірақ сол ашуда бейтаныс адамдарға мәдениеттілікті сақтап қалуға қалай қарайсыз? Ия, мүмкін ол танымайтын адам болғандықтан, оған ауызыма келгенді айтамын, бірақ, өз арамдағы адамдарға мүлде дауыс көтермеймін дейсіз бе? Дәл осындайда адамдарды түсу қиын екен! Біздің аузымыздан шыққан әрбір сөз, тәрбиелілігімізді пайызбен шаққандай қылып көрсетеді. Сондықтан, жақын болсын, алыс болсын адаммен бірден дөрекі сөлеу, ол ең алдымен өзіңізді өзгенің алдыңда төмендету болып есептелмейді ме? Мен осы сөздермен ұстамдымын, ашуға берілмейтін адаммын деп айтпаймын, шынымен осы келтіріп отырған мысалдар меніменде кездескен, бір адамға ашулансам оны көргімде, естігімде келмейтін уақыттар болатыныңда жасырмаймын. Бірақ осыны жеңу үшін, сәл болса да түсіну үшін, міндетті түрде өмір деген ұзақ жолдың жолаушысы, көпті көрген адам болу маңызды деп ойлайсыз ба? Адамға ашуға ерік бермес үшін, әрдайым жеңіл-желпі сөздерге мән бермеу, үндемей қалу керекпе екен? Әлде, оны сыпайы түрде жеткізген дұрысырақ па? Ал егер сіздің сабырыңызды, ұстамдылығыңызды сізді ашуландырып тұрған адам түсінбесе ше? Сөзге қарсы келмей, ол адамды естімегендей болып жүрген қалай болар екен? Осы шешімдердің қайсысын сіз қолдайсыз?
Бір рет көрші үндемей сөз қайтармай,
Адамдар ашуынан тез қайтардай.
Реніштен жеңіппіз біз кімдерді осы,
Ішімізге не симай, нені айталмай.
Қарашы қараңғыдай көрінесін,
Ұрысқаннан нені сен өңдіресін.
Бұндай мінез көркіне сай келмесе,
Өміріңе қайшылық әкелерсін.
Ай тұтылып қалама, күн өзгеріп,
Көрінердей болама көзге кіріп.
Сай еместей сайысқан сөздеріңнен,
Тілің өткір пышақтай кетті тіліп.