– Сырмақ та, сендер де Астанаға бармайсыңдар. Елбасымыз тамыз айының тамылжыған бір тамаша күнінде Талдықорғанда болады, сол кезде табыс етеміз, – дейді.
Міне, осы әңгіме. Бірақ бұған өкінудің, опынудың, ренжудің, тағы да басқа көңіл күйдің ауанына берілудің керегі жоқ. «Өркениетті елде болса, бүйтер еді», «адамын құрметтейтін, шеберін әспеттейтін қоғам болса, сөйтер еді» деп таусылудың да қажеті шамалы. Өйткені ұлы әжелерімізден бүгінге жеткен, қолөнердің киесі қонған қараала сырмақтың даңқы ел аралап кетті
Abai.kz
Бұл – Дәурен Қуаттың «Сырмақ – ысырмақ» атты әзіл-шыны аралас өрілген жазбасы. Мұнда, бастысы, сырмақ бар, ешқайда кеткен жоқ, шеберлер де дін аман... Ал мен көрген «ғажайып сырмақты» көз алдымда тас-талқанын шығарды... Аз уақытта быт-шыт қылды. Көлемі өте үлкен керемет «сырмақты» бір адам емес, топ адам «былғап» өтті, түгін қалдырмады...
Ұғынықты болуы үшін басынан баяндайын. 17 жасымыздан танысқан бала күнгі достар Астанада бас қостық. Бұл кездесуіміз Астананың 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Тұрақтаған үйіміз тура «Бәйтеректің» жанында болғандықтан 6 шілде күні құрбым екеуміз бірер сағат сол маңда қыдырдық. Өз басым, адам көп жиналған жерді аса ұната бермеймін. Нөпірден қашып шетке қарай ысырылып, «Керуенді» бетке алғанымыз сол, аппақ тастармен көмкерілген қошқармүйіз оюы және қызылды-жасылды гүлдермен сәнделе өріліп, көздің жауын алар текеметтей түрленген гүлзарды әрлі-берлі басып өтіп жатқандарды көргенде... Сілейдім де қалдым. Бала-шаға емес, үп-үлкен адамдар арнайы жолмен жүрмей, гүлдерді таптап өтіп жатты. Бірлі-жарым болса түк емес, қаптаған «тобыр» (кешіріңіздер). Ескертуді кімге айтарымызды білмей аңтарылдық та қалдық. Аппақ тастары шашылған соң қазақы оюдан сән кетіп, түрленген «текемет» бір сәтте әдемілігінен айырылды, көркін жоғалтты. Анығын айтсам, өз қазағым табанына салып таптады, құртты... Дәуреннің «сырмағы» аман, ал мен көрген «текеметті» тіліп кетті... Неге екен??? Неге сұлулық сыйлаған адамдардың еңбегін бағалауды білмейміз? Өз қазағы керек қылмағанды өзге ұлт неғылсын...