Неге...
блог
Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды деген сөз қазақта бекер қалмаған.Өмірде бір жіберген қатең өміріңе жетер сабақ болып жатады, сол себепті бір рет қате жіберіп барып барымызды бағалап жатамыз. Неге сол қателікті жібермей тұрып бақытымызды ұшырып алмауға тырыспаймыз?
Біраз күн, уақытша бастықтың міндетін атқарып іс сапарда болып қайттым, сол сапар көп нәрсені үйретті. Бастық болудың өзіңдік қиындықтары бар екенін, қаншама жауапкершілік бар екенін түсініп қайттым. Сенің әрбір ізіңді, ісіңді бақылап жүреді. Кей кездері бастықтардыңда жүйкесі еттен жаралғанын ұмытып кетіп оларды кінәлі санап жатамыз. Оларда өзіміз сияқты пенде екенін ұмытып, оның жіберген қателігін күлкі етіп, сол сәтін өз пайдамызға жаратып қалуға тырысып жатамыз. Бір саты жоғары тұрып, бәрін ұйымдастыра біліп, дұрыс шешім қабылдай біліп, өзіне жүктелген мінеттін дұрыс атқара білудің өзі өте үлкен күш керек. Неге оларды бір уақыт түсінуге тырыспаймыз?
Кейде өмір өзің қаламаған тосын сыйлары мен қатар сынақтарын қатар жіберіп жатады. Солардың барлығын сабырлықпен қараймын деп ойласаңда дәл сол уақытты өзіңнің әлсііздігімді кейде білдіріп алып, эмоцияға беріліп кетемін, шыжбаланып.Неге сол кезде сабырлығым кетіп қалады?
Бір жиын тойда әсем даусымын ән салған жанды, көпке дейін мақтап айтып жүрмейміз. Ал сол тойда мас болып бүлік шығар жанды біразға дейін құлағын шулатып жүреміз. Неге осы біздер жақсы нәрсені жақсы деп жар салмаймыз, жаман нәрсені дәл сол мезетте жар салып баршаға жаяуға асығыс боламыз?
Әр сөздің астарынан жамандық көрмей, жақсылықты көруге тырыспаймыз. Неге парақтағы қара нүктені бірінші байқаймыз ақ жерін байқамай