Баршаңызға жалынды сәлем! Осыған дейін жазылған мақалаларымда бағдарламашы болу үшін 3 қадам жасау керектігін айтқан болатынмын. Бірінші қадам - мақсат. Алдын айтқанымдай, бағдарламашы болудың көптеген артықшылықтары бар. Бұл артықшылықтармен таныстыру үшін өзімнің осы мамандыққа қалай келгендігім жайлы айтылған қысқаша мақала аздық етеді деп ойлаймын). Сондықтан неліктен бағдарламашы мамандығын таңдау қажеттігін сіздерге толығырақ түсіндіре кетсем деп шештім. Осы мақалада IT саласындағы өз жаңалықтарымен әлемге танымал болған, Apple, Facebook, Microsoft сияқты алып компаниялардың негізін қалаған адамдардың айтқан сөздерін келтіріп отырамын.
"Бұл елдегі барлық адам компьютерде бағдарламалауды үйренуі қажет. Себебі, бұл - адамдарды ойлануға үйретеді."
Стив Джобс
Егер жас балалардан "кім болғың келеді?" деп сұрасаң әнші, суретші, инженер, спортшы, журналист деген сияқты әртүрлі жауаптар алуға болады. Бірақ, бағдарламашы деген мамандықтың бар екендігін көпшілігі біле бермейді.
Қазіргі күнде дерлік барлық нәрсе бағдарламалаудың нәтижесі болып саналады.
Бағдарламалау деген не? Ол сіздің кодтар жазу арқылы компьютерге не жасау керектігін бұйыруыңыз.
"Бағдарламалау кезінде сіз әлемдегі ең ақылсыз зат - компьютерге не істеу керектігін үйретесіз". Гейб(Countre Strike негізін қалаушы)
"Бағдарламалау - ол сіз қалаған кезіңізде отыра қалып әлем үшін кез-келген жаңалықты нөлден бастап жасай алуыңыз" Марк Цукерберг(Facebook негізін қалаушы)
1. Бағдарламашы болу қиын ба?
Көпшілік адамдар бағдарламашы болу өте қиын деп ойлайды. Шындығына келгенде, бұл тіпті ондай қиын емес. Бұл есеп шығырған сияқты. Егер сізге бір есепті қалай шығару керектігін үйретсе, сіз ол есепті бұдан-былай да шығара алатын боласыз.
Қарапайым мысал - көбейту кестесі. Барлығымыз көбейту кестесін 3-4 сыныптарда үйрендік. Енді мұғалім бізге үлкен сандарды қалай көбейту керектігін үйретті. Мысалы, 12 ні 3 көбейтсек 36 болады. Бұл өте оңай.
Елестетіңіз, бағдарламашы ол сандарды көбейтетін адам. Сіз көбейтуші мамандығына университетке түстіңіз. Сізге мұғалімдер алдымен көбейту кестесін үйретті, соң осы көбейту кестесін пайдаланып үлкен сандарды қалай көбейту керектігін үйретті. Сіз 4 жыл оқып, диплом алдыңыз. Сіз көбейтушісіз.
Менің көбейтумен айналысатын компаниям бар. Маған адамдар сандарды көбейтіп беруім үшін ақша төлейді. Мен, өз кезегінде көбейтушілерді жұмысқа алып, оларға осы сандарды көбейткіземін. Мен көбейтушілерге айлық төлеймін, компаниялар маған ақша береді. Сіз менің компаниямдағы ең мықты көбейтушісіз. Бүгін маған бір тапсырыс түсті. 125 санын 12 ге көбейту керек. Мен бұл тапсырманы сізге бердім. Сіз өз біліміңізді пайдаланып бір ай бойы осы тапсырманы орындадыңыз. Соңында маған 1500 деген нәтижені бердіңіз.
Міне осы. Бағдарламалау, дәл осы сияқты нәрсе. Жұмысыңыз бен оқуыңыз барысында сіз біліміңізді одан әрі арттырып отырасыз. Бөлшек сандарды көбейтуді үйренесіз, 3 санды көбейтуді үйренесіз. Осыған байланысты сіздің жалақыңыз да артып отырады.
Шындығына келгенде, бағдарламалау көбейтуге қарағанда күрделірек) Бірақ үйренген соң ешқандай қиындығы қалмайды.
Статистикаға сүйенсек, алдымыздағы 10 жылдың ішінде информатика саласында 1,5 миллион жұмыс орны болады. Ал мамандардың саны 400 мыңнан сәл ғана асады. 1 миллионнан астам маман тапшылығы байқалады!
2. Бағдарламалау - ол шығармашылық.
"Мен үшін бағдарламалау ол көптеген терезелері бар үлкен қабырға сияқты. Терезелерді бірінен соң бірін ашып отырасын, ал олардан саған қарай нұр шашылып отырады. Аяқталған бағдарлама ол жарқырап тұрған құрылыс нысаны сияқты. Барлығын құрып болғанда керемет бір сезімге бөленесің." Бронвен(әйел кісі, Valve компаниясының техникалық директоры)
Көбіне жақсы бағдарламашылардың жұмыс уақытын шектемейді. Бағдарламашы қалаған кезінде жұмыс жасайды, керек кезінде дем алады. Себебі ол шығармашылықпен айналысуда. Әрине, мұндай дәрежеге жету үгін көп еңбектену қажет.
Демек, бағдарламашы мамандығын таңдау арқылы сіз тек қана ақша тауып қана қоймайсыз, жасап жатқан жұмысыңыздан ләззат ала аласыз.
3. Жұмыс орындарындағы жасалған қолайлылықтар.
"Қазіргі таңда, әлем бойынша бағдарламашыларға сұраныс өте үлкен. Сондықтан, бізде бағдарламашыларға барлық жағдайлар жаратылған. Ең жақсы бағдарламашыларды өзімізге тарту үшін, біз жасау мүмкін болған барлық қолайлықтарды жасадық. Біде күні бойы тамақ тегін. Кір жуатын бөлмелер бар. Әртүрлі видеоойындар ойнайтын орындар бар. Самокатпен ұшуға болады. Дем алып, бой жазатын орындар көп." Дрю (Dropbox негізін қалаушы)
Расымен, бағдарламашылардың жұмыс орындары ертегідегідей болады. Бағдарламашы ешнәрсені уайымдамай жұмыс жасай алуы үшін көптеген жағдайлар жаратылады. Әрине, бұл шет ел компанияларындағы болатын жайттар. Дегенмен, Қазақстанда да бұл нәрселердің бастамасы бар. Еліміз дамып келе жатыр, мамандарға тапшылық өсуде. Бағдарламашылар өз кезегінде білімдері мен тәжірибелерін арттыруда. Көп ұзамай бұл құбылыс еліміздің компанияларында да болатынына күмәнім жоқ.
P.S. Мен өз мақалаларымды жазуға дерлік алдын-ала дайындалмаймын. Жазылған материалды өңдемеймін де. Барша жазғандарым ойымнан шығып, тікелей сіздерге жетеді) Дәл қазір, мен кейінге қалдыруға болмайтын бір жұмысқа барып қайтуым қаже боп тұр. Сондықтан, бұйыртса, мақаламды кешке жалғастыратын боламын.
Зен қойп оқығандарыңыз үшін көп рахмет! Пікірлеріңізді күтемін)
Жалғасы бар...