Не сыйласам болады?

Барлығыңызды алдымен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Және алда келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!!! (Тәуелсіздіктен аттап, Жаңа жылмен құттықтап кеткен бұл қандай әдепсіз деп ойлап қалмаңыздар)

Кеше ғана жан құрбым екеуміз Жаңа жылға бір-бірімізге сыйлық сыйлауды жөн көрдік. Негізі, бастапқыда жерлестерімізбен жереби ойнатамыз деп ойлағанбыз. Онымен барлығының қолдары тимей, кездесуге келе алмай қалды. Сондықтан құрбым екеуміз бір-бірімізді таңдауды жөн көрдік Міне, енді Жаңа жылға әлі 3 аптадай уақыт болса да, бос уақытымда ойланып отқан жайым бар. Алдағы аптадан бастап, студенттер үшін "мұрыннан шаншылу" басталады, яғни сессия! "Досы көпті жау алмайды" деген емес пе?! Ендеше, сыйлық таңдау жағынан Массагеттік достарымнан көмек сұрауды жөн көрдім.

 

Бір ескерте кететін жайт: жан құрбым орыс группасында оқиды және мамандығы ТЭФ. Есімі Жайжан!!!

 

Ал, мені жай ғана болса да дос көретін адамдардан пікір күтемін!!! Құрбыма қандай сыйлық сыйлағанды жөн көресіздер? 



Бөлісу: