Не істейін деп ем?...

Не істейін деп ем?...
жеке
блог

Соңғы кезде не қалайтынымды білмейм. Рас айтам, бір белгісіздіктің арасындамын... Не істейін деп ем, не қалайтынымды да ұмытып қалған сияқтымын...  

Кейде өзімше құрған керемет жоспарымның бір шетінен ақау шықса ары қарай әрекет етуден шатасып қаламын... Бір түрлі, дәл қазір "Мың уаде" сериалын қарап жүрмін, сондағы альцгеймермен ауыратын қыз бар, тура сол сияқтымын. Өз ойларымды, өз мақсаттарымды ұмытып қалған сияқты жан таласам, бірақ есіме оралған ешнәрсе жоқ...  Жарайды, ол қыздың себебі бар, ал менің ше?... 

Байқаймын, мен өз қалауымды жасай алмай жүрмін, бірақ оған не кедергі және кім кедергі екенін тағы да білмеймін... 

Жұмыс өтіліме қарасам көп жұмыста істеппін, неге сонша орын ауыстырғанымды тағы білмеймін... Мені жұмыс жасай алмағандығымнан ешкім қумаған, тек сол өзімнің не қалайтынымдығымды білмегенімнен кетіп қалғандаймын... Түбі жоқ арман бір нәрсеге жетелейді, бірақ нақты бағдары жоқ екені мені қорқыта бастады... Шынымды айтсам ұялтады... Жақсы бір іске шақырды, барғым келмей қаламай отырмын бірақ не үшін одан бас тартқанымды білмеймін.. 

Мүмкін маған адамдардың айтқанына бағынып, солар қалаған нәрсені істеп жүре беру керек шығар, себебі өзім де нақты бағдар жоқ сияқты... Уақытымның бәрін кейде ой арасында өткізген сияқтымын... Өкінетін тұстарым көп сияқты. Анам мені досына мақтап отырғанын естіп ұялып қалдым, иа иа не үшін мақтайды деген ой келді "өз қатарластарым жеткен нәрсеге қол жеткізе алмаған сияқтымын" ұялдым, рас өзім қалаған биігіме шыға алмағаныма... жалған намысыма өзімді билетіп алып, іссіз отырғаныма... 

Осылай жүре тұра тағы да ақталғым келеді, біреулерді кінәлағым келеді... Ал бәріне өзім кінәлі екенін өзіме қалай түсіндірем, қалай миыма жеткізем? Жүрегім мен миым екі адамдыкы сияқты, бір-бірін естімейді... сезінбейді... қалай екеуін бірлестірсем екен...