Не істейін?
жеке
блог
блог
Ешқандай туысым немесе досым болмаса да бауыр басып, арқа сүйеген адамдардың мені тастап кетуінен, «істегім келген» емес, «істеу керек!!!» болған нәрселерді істегеннен, әдемі еместігімді бетіме баса беретіндерден, әлсіз тұсымды біліп, соны қайта-қайта шұқи беретіндерден, досқа жарымай жүруімнен, «сен тек ақша үшін ғана жүрсің», «саған тек ақша керек» деген сөздерден, « уродка» деп шеттете бретіндерден, маған аянышты көзбен қарағандардан, адамның көңіліне қараудан, біреудің айтқанымен жүруден, жылаңқы жазба жазбаймын деп қанша рет оқталсам да жылауық болып қалудан, өтірік күлуден, көп жылаудан, керектеріне пайдаланып, бет орамал сияқты лақтырып кете беретіндерден, қолымнан ештеңе келмеуінен, адамдар айтқандай «ел құсап» өмір сүрмеуден,е ары емес, е бері емес екі ортада болудан, ұлға ұқсап кеткендігімнен, «өзінше» деген аттан, маған дым қатысы жоқ адамдардың өміріме килігуінен, батыл боламын деп сөзімде тұрмағанымнан, өмірмен күресте тез беріліп қоюдан, ешкімге сене алмайтынымнан, сенейін десем де «с олар» сияқты лақтырып кетеді деген күдіктің көп болуынан, туған жерімді жақтырмайтындарға «сендер ойлағандай емес» деп түсіндіре алмайтынымнан, ата-анама пайдамның жоқтығынан, талғамсыздығымнан, елдер айтқанадай «слишком ақылдылығымнан» , әркез өлгім келеді деп «далбасалай» беруден, біреудің пікіріне, көзқарасына қарап өмір сүруден, әдетке айналған жаман істерді істемеймін десем де, сомен ауырумен, өтірік айтып жүруден,әділтсіздіктен, көп нервный болудан, екі сөйлеуден, елге жек көрінішті болудан, нәпсімнің айтқанымен жүруден, мені жек көретіндердің ортасында болудан, өзімнің ақымақтығмнан, қиялдығымнан, шарасыздықтан, рухани кедейліктен туғандарымның не болса да менімен санасуынан, қолдары жетпеген нәрсеге мені кінәлауларынан, алдап кететіндерден, алданып қалатынымынан, ең сорақысы мешітте бір рет көріп «Жаңабай ағайдың қызы дінге кіріп кетіпті» деген сөзді таратқан адамның кесірінен әлі күнге дейін «уахаббист», « сәләф» болып жүруден...өмір сүруден, бәрі бәрінен шаршап кеттім! Не істейін?