НЕ ІСТЕМЕКПІН?

Әр адам уақыты келгенде «болашақта не істемекпін?» деген сұрақты жиі қоя бастайды. Әсіресе, бұл кезең үлкен өмірге қадам басқанда, не өзінің күнделікті ісі жалықтыра бастағанда қойыла бастайды. Мен де, бітіруші бакалавр студенті ретінде бұл тұрғыдан ұзақ ойландым. Бір емес, екі жыл ойландым десем артық айтпағаным, бірақ сонда да әлі жауабын толықтай таппадым. Сондай кезеңдер болғанда тығырықтан шығу үшін кез-келген тәсіл оңтайлы болуы әбден мүмкін. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демей ме, сол себепті біздің Назарбаев Университетіміздің студенттері осы оқу орнында оқып жатқандықтарына қуану керек деп ойлаймын.  Себептері әрине өте көп, бірақ та осы жылы толығынан сезіндім. Біріншіден, білім алу жүйесінің ағылшын тілінде өтуі үлкен жеңілдік жасайды. Бұлай деп отырғаным – ағылшын тілін үйренуге уақытымызды кетірмейміз. IELTS, TOEFL секілді емтихандарға дайындық көп уақытымызды алмайды. Екіншіден, университет қабырғасындағы Студенттерді Кәсіптік бағдарлау және Дамыту Орталығы, тіл клубтары көптеген пайдалы мәліметтермен бөлісіп тұрады. Оның өзі бағыт-бағдар беріп, шешім қабылдауға ықпалын жасайды.

Бітіруші студенттердің алдында екі таңдау бар: магистратура немесе докторантура бағдарламасымен оқуды жалғастыру, не жұмыс орнына орналасу. Осы блогымда магистратура немесе докторантура бағдарламасы жайында, толықтай немесе жартылай қаржыланған гранттар жайында мәліметтермен бөліскім келеді.

Шынтуайтуына келгенде, бағдарламалардың, шетел университеттерінің талаптарын оқыған кезде осы университетте оқып жүргеніме қатысты кішкене өкініш пайда болған еді. Маңызды талаптарының бірі «excellent student» болуы керек деген болатын. Бұл дегеніміз GPA 3,75-тен жоғары болуы керек деген сөз еді. Әрине бұл талап әр бағдарламада әрқалай. Сонда да  «егер басқа университетте оқығанымда GPA-ым қазіргіден де жоғары болатын бе еді, басқа оқу орнында бұл бағаны қазіргідей ынтаммен ойнап жүріп алар едім» деген ойлар келетін еді. Бірақ, баста айтып өткен себептерім басып озды. Сондықтан, оқуды ары қарай жалғастыру ойларыңызда болса, GPA-ларыңызды адал еңбекпен көтере беріңіздер деген кеңес беремін.

Мені ешқашан Америкада, Англияда білім алу қызықтырған емес, сол себепті Азияда, кейбір Еуропада орналасқан университеттерге түсу жолдары жайында айтып кеткім келеді.

Ал, КЕТТІК!

   Chinese Government Scholarships.

Қытай Халық Республикасының 279 шақты университетіне осы бағдарлама арқылы түсуге болады. Science, Engineering, Agriculture, West Medicine, Economics, Management, Legal Studies and Fine Arts мамандықтарын бір жыл, Literature, History, Philosophy, Chinese Medicine секілді мамандықтарды екі жылда тәмамдап шығуға болады. Магистратура бағдарламасына айына CNY 3000, қазіргі курс бойынша 170 мың теңге шамасында, ал докторантура бағдарламасына айына CNY 3500 = 200 мың теңгедей. Талаптары: Қытай Халық Республикасының азаматы болмау керек; Денсаулығы жақсы жағдайда болу керек; Магистратура бағдарламасына тапсырушының жасы 35-тен, Докторантура бағдарламасына тапсырушының жасы 40-тан аспауы керек. Бір жақсысы қытай тілінің біліктілігін талап етпейді. Басқа талаптар тапсырғың келген оқу орнына қарай ыңғайланады. Соның ішінде біздің университетіміздің студенттерін қалап отырған университеттің бірі - Xi'an Jiaotong University. Бұл университет Сиань қаласында орналасқан. ҚХР-ның ТОП 9 университеттерінің қатарына кіреді. 2014 жылы Назарбаев Университетінің 200 студенті мен оқытушыларының барған сапарында осы қалада үш күн болған едік. Тарихи орындары мен жаңа заман үрдістерін қатар алып келе жатқан, көп тұрғынды әсем қала.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Наурыз айының соңына дейін.

            Korean Governmental Scholarship.

Оңтүстік Корея мемлекетінің толықтай білім гранттары. Магистратура бағдарламасында 2 жыл, докторантура бағдарламасында 3 жыл оқи аласыз. Қосымша жарты не бір жыл көлемінде корей тілін оқу керек болады. Стипендия көлемі $900-$1200 көлемінде, жатақхана, виза, медициналық кепілдік барлығы гранттың ішіне кіреді. Магистратура бағдарламасына 6-8 адам ҚР бойынша грантқа ие бола алады. Талаптарына келетін болсақ:

Кемінде 80% GPA бағасы болу керек, бұл дегеніміз минимум 3,2; IELTS минимум 5,5; Магистратура, докторантура бағдарламасына талапкерлердің жасы 40 жастан аспауы керек; Ата-анасы корей ұлтынан болмауы керек. Құжаттарды тапсыру мерзімі: Ақпан – Наурыз айлары.

Оңтүстік Кореяда инженерия және технология мамандықтары өте жақсы дамыған. Ең қызығы – сол мемлекеттің азаматтарынан гөрі шетел азаматтарының түсу мөлшері көбірек. Оңтүстік Кореяға түсудің бұдан да басқа жолдары бар. ТОП 20-ға кіретін универлердің көбісі ағылшын тілінде білім береді, оқытушылардың құрамы біздің университеттегідей аралас, және барлығы дерлік шетелдің жақсы университеттерін тәмамдаған. Тікелей өзіңізге ұнаған зерттеу тақырыбының  жетекшісіне хабарласып, сол оқытушыға өзіңіздің барлық мәліметтеріңізді жіберуіңізге болады. Осындай тәсілді қолдану арқылы оқытушы сізді қабылдаған жағдайда, оның көмекшісі болып жұмыс істейсіз, ал ол университет әкімшілігіне сізді ұсына алады. Ұсыныс қабылданған жағдайда сізге грант пен стипендия беріледі.

            Central European University Financial Aid (CEU).

Венгрия, Будапешт қаласында орналасқан 1991 жылы құрылған университет. Тек магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша оқытады. Студенттер саны – 1500. Мамандықтар саласы әртүрлі. Талаптары жоғарыда айтылғандардағыдай, оған қоса ғылыми жұмыстарға ерекше көңіл бөледі. Стипендия көлемі айына 85 – 100 мың көлемінде. Берілген мәліметтер бойынша тапсырушылардың 80% - 90% грант иегері атанады.  

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Ақпан айының 4-іне дейін.

Университет парақшасы: https://www.ceu.edu/node/181/done?sid=65452

            Фулбрайт бағдарламасы.

АҚШ-нда білім алуға арналған Уильям Фулбрайт атындағы бардарлама. Уильям Фулбрайт 1944 жылы АҚШ сенаторы болған, 1946 жылы осы бағдарламаны жүйеге қосқан. Талаптарына келетін болсақ:

АҚШ-нда ұзақ уақыт тұрмаған болуы керек; GRE/GMAT,  TOEFL сертификаттары болуы керек; Бағдарлама арқылы білім алғысы келетін ниетін жоғары деңгейде көрсетуі тиіс.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Маусымның 1.

Парақшасы: https://russian.kazakhstan.usembassy.gov/fulbright_program.html

   Аз да болса, толықтай қаражаттандырылған бағдарламалармен бөлісе алдым деген ниеттемін! Оқуларыңызға терең қызығушылық және сәттілік тілеймін! Ал менің «бакалавр» дәрежесін алуыма 100 күндей қалды!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Бөлісу: