Қайрат Нұртасты айтам да, "Ой, ой, ойламайтын күнім жоқ, ойлай берсем, түгім жоқ" деп бақырғанда қаным басыма шауып, "ой, қойшы ей" деп ұрсушы ем. Кешір, Қайрат, мен сені түсіне бастадым)
Білесіздер ме? Өзімнің тыным таппай жүгіріп жүрген осы жүрісіме ырза боламын ше. Сабақ, жұмыс, қалған майда-шүйде... Ал мұның бірі де болмағанда ше? Сондағы Ақеркенің күйін білмейсіздер ғой. Адам төзгісіз емес сонша. Қорықпаңыз. Тек, қолым босай қалса, өзімді-өзім аяп, жіләп қоятыным жоқ емес.
Мені ойлар жеп барады. Сіздерді де ме? Жиналыста, сабақта отырғанда қолым қалт ете қалса сурет сала жөнелетін болыппын. Сурет болғанда, шимай ғой сол. Шимайымнан ішімдегіні оқып жатады біреулер. Ой, тоба! Қалам ұстамайтын болдым қазір ішімдегіні біліп қоя ма деп...
Сіз мен жайлы бір ауыз нашарлау сөз айта қалдыңыз ба, бітті! Ондайда менің миымның қақ төрінен екі аптадай түспейсіз. Мен қай жерден қателестім? Неге олай ойлайды ол? Неге өйтіп айтады? Жоқ, ол дұрыс түсінбеген! Мен оған бәрін түсіндіруім керек. Ол мені білмейді де ғой. Неге мені түсінбейді? Мен жайлы жаман ойлап қалатын болды ғой... Өзімді-өзім ақтап, өзімді-өзім жақтап, жанымды қоярға жер таппаймын. Сіздер де сондайсыздар ма?
Бұрын блог жазғанда өз ойымды тез қорытындылап алып, түйінді бір нәрсені жазатынмын ғой. Қазір ше? Блог жазатын бетті ашам да, не жазам деп отырам. Әй, сол бірдене жазғың кеп келген жоқсың ба? Бастаймын. Анау-мынау... Бір қарасам, басқа нәрсе қуып кетіппін. Айтпағым мен айтқаным бөлек-бөлек болса, оны оқитын адамды аямын. Сөйтем де миымдағы сабылысып, шұбырған шұбар ойларымның әріп болып өзінше әрленген түріне бір қараймын да, өшіре салам. Болды...
Уайым мен ой адамды түтіп жейді ғой. Онда менің тек жартым ғана қалған шығар. Иә, жартым.
Ойпырмай, ой ойлап, ойшыл боп ойлы дүние тындырып жүргенім жоқ. Бос ой ғой бәрі. Құтыла алмайтын. Ойсыз да емеспін
Ұйықтар кезде ойлаймын: "шіркін, басымда флешкам болса... ойлар мен уайымның бәрі сонда сақталса... жатарда сол флешканы шығарып қойсам... таңертең амал жоқ, қайта салып алсааааам..."
Сосын ұйықтайсың ғой. Сосын ше? Сосын түс көресің! Күндіз ойлаған ойларың түсіңде саған өзіше спектакль қойып береді ғой))) Мәәәә, ұйықтасам да тыныштық бермейсіңдер ме ей))
Солай ғой. Негізі жағдайым қиыыын емес, құрысын. Жәй... Анда-санда көңілсіз болып тұрған дұрыс.
Сол... Әрине, ойсыз адам болмайды ғой. Бірақ мені түсінетін біреу барын білемін. Жұмбақ адаммен, өттте жұмбақ адаммен тілдескім келеді. Біреудің жұмбағын шешкім келеді. Білмеймін, кім ол? Өзімшілдігім-ай!
Қой, біттім...