Не ойлап отырсыз?

Не ойлап отырсыз?
жеке
блог

~ Қыпшақ қызы мен Өмірбектің бір сәттік ойларын оқып отырып, бұрын керекте болған "Осы сәтте не ойлап отырсыз?" жазбасы есіме түсті. ~

Пенде баласы өзі сезбесе де, бір сәтте бір емес, бірнеше ойдың жетегінде отырады. Жазбаның астына дәл осы минуттарда не ойлап отырғаныңызды қалдырсаңыз дұрыс болады. )) Ауыр жұмыс күнінен соң, өз-өзімізді еркінсітіп, сәл көңіл көтерейік )

Ал мен дәл осы қазір не ойлап отырмын?

* Кешкісін жаңбыр жауып кетпесе екен кешегідей. Гриннен шығып, үйге жеткенше малмандай су болдық. Аяғымызды ыстық суға саламыз деп отырып, ақыры ұмытып кетіппіз тағы. Денсаулықты осылай құртамыз өзіміз...  

Енді сіз жалғаңыз осыны :) Тек шынайы жауап беріп, дәл қазір не ойлап отырсаңыз, соны жазсаңыз екен. 

Сурет: zerno-ros.ru