Биыл елімізде қандай жарыстар мен сайыстар өтетінін білесіз ба? 2017 жыл несімен ерекшеленеді? Не? Қайда? Қашан?
Тауық жылы табалдырығымызды XXYIII Бүккіләлемдік қысқы Универсиада ойындарымен аттады. Бұл - биыл Қазақстанда өткен басты шара. Енді 2017 жылы өтетін негізгі республикалық және халықаралық спорт жарыстарын сіздерге ұсынамыз.
28 қаңтар – 8 ақпан аралығында Алматыда XXYIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары;
19 мамыр – 1 маусым аралығында Өскеменде Волейболдан әйелдердің клубтық командалары арасындағы Азия чемпионаты;
14– 18 маусым аралығында Бурабайда триатлоннан Азия кубогы;
24 – 25 маусым аралығында Алматыды жеңіл атлетикадан <<Ғұсман Қосановтың XXYII мемориалы>> халықаралық жарыс;
24–28 маусым аралығында Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты;
25маусым– 6шілде аралығында Астанада шахматтан <<АСТАНА ЭКСПО – 2017>> супертурнирі;
1 – 2 шілде күндері Астанада каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаты;
10 – 17 шілде аралығында Астанада каратэ Азия чемпионаты;
10 – 17 шілде аралығында Алматыда Волейболдан екінші топ әйелдер командалары арасындағы әлем Гран - приінің екінші кезеңі;
20 – 24 шілде аралығында Астанада белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты;
24 – 30 шілде аралығында Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогы үшін жарыс;(Челленджер)
3 – 13 тамыз аралығында Астанада компакт – cпортингтен әлем чемпионаты;
17 – 20 тамыз аралығында Астанада қазақ күресінен YII әлем чемпионаты;
20 –28 тамыз аралығын Астанада көккпардан әлем чемпионаты;
26 – 27 тамыз аралығында Астанада қазақ күресінен <<Әлем барысы>> халықаралық турнирі;
31 – 9 қыркүйек аралығында Астанада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 жылдығына арналған жыл сайынғы конференциясы;
1 – 4 қыркүйек аралығында Астанада жауынгерлік аралас жекпе – жектен (MMA) әлем чемпионаты;
2 – 9 қыркүйек аралығында Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты;
29 қыркүйек – 9 қазан аралығында Алматыда Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші раунды;
2 – 28 қазан аралығында Шымкентте бадминтоннан <<Apacs KazakhstanInternational Maayior 2017>> халықаралық жасөспірімдер арасындағы турнир;
Қараша – желтоқсан. Алматыда, Риддер. IY қысқы республикалық спартакиада ойындары өтеді.