Не жазарымды білмей отырмын? Тым құрығанда екі-үш кәмменті болатын жазба жазғым келеді-ақ бірақ ойлаудан ой суалған. Ой суалғаны дегенім менің құлшынысымды келтіретін тақырыптар (ересектер арасындағы қарым-қатынас, президенттік билікті сынау, ұлтаралық мәселелерді көтеру, діни ағым-ұстанымдар төңірегінде ашық ой айту тағысын тағы) өкінішіме орай қазақша инетте "пастерленген".! "Пастерленбеген" тақырыптарға пернетақтаны тоқылдатып әріп тергізетін әңгімем жоқтың қасы. Онан-мұнан оқығанды қазақшаға аударып "дайджест" қылғанға құлқым жоқ немесе "Коэльо-Соэльоның" шығармашылығынан үзік-созықты алға тартып кереметсінген жөн емес. Б М құсап мен біреуді аяладым, аядым деп судыратқым келмейді. Не жазсам екен?