Сен не дедің, махаббат жоқ дедің бе?
Сонда саған сезім нұрын төкпедім бе?
Саған ғана сыйлаған жүрегімді
Бір ақ сөзбен тас-талқын еткенің бе?
Бұл не дегенің, өкінем дегенің не?
Жарамай қалдым ба әлде керегіңе?
бұл сөзіңді тағы да ойланып ал,
Өткізіп көр ойыңның елегінен.
Кетер болсаң үндемей кете бергін,
Көрейін сені шыңға жетелер кім.
Сені мендей аялап, аяп тұрып
Ақ патшадай басына көтерер кім?
Саған мендей жанашыр табылар ма?
Көрерміз, сені мендей сағынар ма?
Мүмкін сенің жүрегің сонда ғана
Мен сыйлаған мұңдардан арылар ма?
Мейлі ұшқын, ұшқан соң қайтпа бірақ
Көзден таса, жүрекетен жүрші жырақ.
Шаршатсам, жалықтырсам алысташы
Қанатың талмасын тек, қалма құлап.