Не деп бастасам екен...

Не деп бастасам екен...
жеке
блог

Не деп бастасам екен, білмеймін тіпті. Менің көңіл күйім бүгін ештеңемен салыстыруға келмейді.Көңілдің көк дөненін мініп алып, қиял әлеміне сапар шегіп кетсем бе екен?! Білмеймін жүрегім аттай тулап,санамдағы сансыз  ойды саңсаққа жібереді.  Санамдағы сансыз ой дейтіндей,менде  дәл қазір ойдың бір түйіні де тұрған жоқ қой. Сонда маған  не болып жүр?! Менің қазір кешіп жүрген сезімдерімнің біреуі де маған аян емес.

Мен білмеймін. Шынайы махаббат бұл өмірде бар ма әлде жоқ па? Алайда, керемет «махаббат» деген сөздің бар екенін анық білемін. Жүрек деген құрғыр сол махаббат алдында ғана ерекше – дәрменсіз ғой. Неге? Бұл сұраққа тіпті әлемнің ең оқымысты ғалымдары да жауап бере алмас, бәлкім. Ал ұлы махаббат тақырыбына қалам тартпаған ақын-жазушылар кемде кем. Мен оқыған шығармалардың көбі махаббаттың тәтті хикаялары. Мен де бүгін өзіндік сырымды ақтарып, махаббат әлеміне сыр шертпекпін.

Білмеймін, бір түрлі бейтаныс сезім әлемінде өмір кешіп жатқандаймын. Қанша дегенмен әр сұрақтың мардымды  жауабы болуы тиіс қой. Сол сұраққа жауап іздеп сабылғанша, сезімдерімді өлеңмен өрнектеп  жазып көрейін. Сонда мендегі көңіл күй көпшілікке таныс болатын шығар.

Іздеп сенің бейнеңді сан мың ойдан,

Қандай күш мені өзіңе байлап қойған.

Жанарымыз жалт етіп түйіскенде,

Бір дірілді сеземін тұла бойдан.

 

Көріп қалсам жүрегім аттай тулап,

Көздерің тұратындай сезімді ұрлап.

Мендегі дәрменсіздік шарқ ұрады,

Амалсыз жанып жатқан оттай лаулап.

 

Шарасыз халде қалдырдың ғой сен мені,

Соқыр жүрек жан дүниеңді көрмеді.

Үңілместен ішкі әсм дауысқа,

Жүрек деген ақылға ерік бермеді.

 

Ал қазір алсытадың өшті сезім,

Таусылғандай ендігі тағат-төзім,

Кінәлі болмасам да жазықтымын.

Кінәлімін барлығына жалғыз өзім.

 

Өкінбеймін, алайда амалдаймын,

Үнсіз ғана үндемей қала алмаймын,

Туласа да жанарымда махаббат

Кешір,  бірақ мен саған бара алмаймын...