Не бітірдім,
Қай ісіммен мақтанамын?!
Басқа жандай,
Қашан бір шаттанамын?!
Қайғы құшпай жан дүнием,
Қуаныш кешіп жатса жаным,
Міне, менің арманым, бақ талабым...
Көкейімде жалғыз үміт,
қылт еткізбей қамап келем.
Үміттің шамын жақтым,
өшпей мәңгі қалар деп ем.
Қайғы мұңмен арпалысып,
жетімкөлдей ызғарын тартып келем.
Мағынасыз әрбір күнімді,
мәнді етіп, жамауын жамап келем.
Суып, ысып, бұлқынып төзбей денем.
Сұрағанға жөн салып сенделемін.
Артымнан пышақ сұқты, мұң демедім.
Қылымсыған күлкілер, жиіркеніп,
Өтіп барам, бәрі өткінші дер едім...