Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.
-Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?
-Жақсы,-деп жауап берді ақсақал. -Базарға барып, тауықтың қанатын сатып ал.Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып, жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел.
Әйел данышпанның сөзіне таң қалады. Алайда өзі қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.
Ертеңгі күні тағы келеді.
-Өте жақсы.Бірінші тапсырманы орындадың.Енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,-дейді данышпан.
-Ол мүмкін емес қой, ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам?
Бұдан шығатын қорытынды: Адамдар пенде болған соң да біреуді жамандап, өсектеп жатамыз. Алайда сөзіміздің жел секілді ұшып кететіні, оны қайтадан кері қайтара алмайтынымыз ақиқат. Сол үшін де әрбір айтқан сөзімізді орнымен айтқанға не жетсін?!