Назеркеше бағалау

Сәлем!) Бүгін қолыма пернетақтамды алып, көптен перне сермемеген блогымды жазып отырмын. Менің «дорамщик» екенім біразына белгілі ғой, сонымен бүгін соңғы 1 жылда көріп тастаған дорамаларыммен бөлісіп, қайсын көруге кеңес беретінімді айта кетейін.

Былай  телеарналардағыдай рейтінгі беріп, бірдеңе де бірдеңе пайыз дейтін білімім жоқ, бірақ бір деммен көріп шыққандарым бар, жартысынан тастап кетіп, кейін обал болмасын деп соңына дейін бітіргендерім бар, өзімнің алған әсеріммен бөлісейін J

Корейлер (кәрістер, маған бірінші вариант ұнайды, «кәріс» сөзі «кореец»-тен қазақшаланған ғой) мектеп тақырыбына өте көп сериал түсіреді. Сол сериалдарын көріп отырып, Кореяның білім беру жүйесіне қызығасың, сыныптары, ережелері, бақылауды алу жүйесі бәрі маған ұнайды. Бір рет болсын оқып көргім келеді. Сол  тақырыпта биыл көрген дорамкаларым:

Мектеп 2013/ School 2013. Ооо, атақты Ли Чон Сок, Ким У Биннің актерлік ойындарынан бөлек, өздері қаааатты ұнайды, әсіресе, У Бин.  Лова-лова) Сюжет бойынша, әр оқушының басында өз проблемасы бар, осы мектеп бүкіл елдегі 178 мектептің ішінде ең нашары болады. Достық, сатқындық, біраз нәрсе бар) Бағам 10-ның 7-сі.

Патшайымның сыныбы/Queen's Classroom. Патшайым ба, Ханшайым ба, түсінікті ғой) Бұрын Қазақстанда берген ДокМандағы жұрттың жынын келтіретін Ми Шиль мына жақта да әбден қанды қарайтты, бұл оның рөлді керемет сомдағаны деген сөз. Жаңадан келген өтте-мөте қатал апайдың білім беру, тәрбиелеу сияқтыларға келгендегі ұстанатын принципі бөлек, соған қарамастан, сынып өте тату болып бірігеді ең соңында.  Балалардың ойыны маған қатты ұнады, басты рөлдегілердің бірі  бұған дейін, ‘Man from Nowhere’-ге , бірі  ‘Haru\Day’ сияқты толық-қысқа метражды фильмдерге түскен.  Соңында қимай  қоштасатындай әсер береді. Бағасы: 9/10.

Ми Рэнің таңдауы немесе Болашақтың таңдауы (Mi Rae's choice). МиРэ – қыздың есімі, мағынасы – болашақ. Түсінікті шығар атауы. Телевизия саласындағы адамдардың өмірі туралы, болашақтың Ми Рэсі осы кезге келіп тағдырын өзгерткісі келеді.  Мұнда уақыт машинасы, паралельная вселенная деген әңгімелер бар, сондықтан кейбіреулерге ұнамайтын шығар. Мен Ен Хва үшін көрдім. Соңы аяқталмаған сияқты болып қалған. Режиссерлар әр көрермен өзі қалағанша аяқтасын деген шығар.  Бағам 10/6.

Драма королі/The King of Dramas. Ең табысты дорама түсіретін компанияның директоры абыройынан бір күнде қалай айырылады, сериалдың сценариін жазу, оны бекіту, түсіру  алдындағы біз білмейтін неше түрлі махинацияларды көрсетеді. Бірақ қатты әсер етпеді маған. Сонымен, бағам – 10-ның жартысы. Ее, айтпақшы, СуДжудағы Шивонның ойынын көру үшін қараған екенмін ғой, сөйтсем басты рөлде емес екен)

 

Даусыңды естимін(I hear your voice). Тағы сол фантастика аралас романтика. Басты кейіпкердің алдында тұрған адамның көзіне қарап ойын оқи алатын қасиеті бар. Осы қасиеті арқылы кезінде өзін ажалдан сақтап қалған, кейіннен қорғаушы болатын қыздың табысты адвокат болуына көмектеседі.  Ли Бо Ен мен Ли Чон Сок әдемі жұп) Әттең, Бо Еннің жұбайы бар) Бағам 8!

 

Мырзаның күні/The master's Sun. Корейше сөзбе-сөз осылай аударылады екен. Түннің бір уағында әруақтар туралы кино емес, 17 бөлімнен тұратын сериал көру кімге ұнайды? Сондықтан, күндіз көріп-көріп алыңдар) Бірақ соңғы жағы адамды қатты қызықтырып әкетеді. Бір деммен көріп шығатын сериалдардың бірі. Бағам: 10-нан 9.

 

Мұрагерлерді (The Heirs) дорамщиктердің бәрі көрді ғой) Мойындаңдаршиш;) Ли Мин Хо мен Пак Шин Хе, сосын Ким У Бин үшін. Мен де) бірақ арғы жағындағы, МинХек, Кристал деген сияқты біраз әнші-актерлар да танымал ғой) Негізі бұл дораманы «Жыл драмасы» атағы үшін арнайы түсірген соң шығар, бюджеті үлкен көлемде болған соң, рейтінгісі де жоғары болды. Шынымды айтсам, дям босын © көрдім)Маған ұнаған жоқ онша. Бірақ 19шы сериясының сценариі жақсы. Сосын Winner тобы жасаған пародиясы жақсы) 10/8 актерлік құрам үшін.

Мұрагерден соң бірден шыққан «Жұлдыздан келген адам» (Man from the Stars) менің ең жақсы көретін дорамаларымның тізімін толықтырды. Ким Су Хен осы сериалдан соң өте атақты болып кетті. Жарайсың дим. Бірінші сериясынан-ақ өзіне баурап, қызықтырып әкетеді. Чон Соң И-ді айтсайшы, жүрген комедия)  Айтпақшы, осы сериал біткен соң Кореяда астероидтардың жауыны шынымен болыпты) Қызық, иә?) Менің бағам бұл сериалға 10/10!

Періштенің жанары/Angel eyes. Бастапқы 2 сериясында отырып ап еңіреп  жылағаныңды сезбей қаласың) (мен емес бірақ жылайтын) Анасы мен қызы жұлдыз көруге тауға бара жатқанда, үстеріне туннель құлап, қыздың анасы мен оны  құтқарам деп, ұлдың әкесі (құтқарушы болып істейді) екеуі өледі. Қыз соқыр болып қалады. Біраз жыл өткен соң жігіт сол қызға ғашық болады. Оны жанындай жақсы көреді. Баланың анасы да оны қызындай көреді. Бір күні ұлдың анасын машина қағып кетіп, ол көзін қызға қалдырады. Бірақ мұны қыз білмейді, жігіт қарындасын емдетуге АҚШ-қа кетеді. Сол күйі қыз жігітті 12 жылдан кейін бір-ақ көреді.

«Әй, мынау Ким Чан Ди ғой!» деп қалай  айқайлағандарыңды байқамай қаласыңдар) Бағам: 10/7.

Ғасыр қалыңдығы/Bride of the Century. Нағыз мистика деген осы дейсің) Группаласымның кеңесімен көрдім. Былай баяндауға ұзаақ ше, көрген дұрыс) FT Island-тық Ли Хон Ки ойнайды басты рөлде. Қалған 1-2 актердан басқалары маған таныс емес) Рейтинг:  10/8

«Кап Доң» (Gap Dong) Жай ғана басында қандай екен деп көре салғам ғой) Соңында психқа ғашық боп қалдым деппа)  Ал сомен, әр аптаның жұма-сенбісін күтіп, күтіп жүріп бітірдік. КЕРЕМЕТ сериал детектив деген тақырыпты ұнататындарға. The Heirs-тегі Рейчелді танымай қаласың) Кап Доң деп сериялық адам өлтірген қылмыскерге қойылған есім. 20 жыл өткен соң соған еліктейтін тағы екінші Кап Доң шығады. Күшттіі) Маған ұнады) Біткенше, 100 адамнан күдіктеніп шығасың) 10/10.

«Бәрі дұрыс, бұл махаббат» (It's okay, That's love) енді басталған сериал. Екі сериясы шықты. Өлдім ғой күлкіден. ЕХО тобының мүшесі ДиО ойнайды, ес чо) 



Бөлісу: