Назеркенің туған күнінен кешіккен есеп)

Назеркенің туған күнінен кешіккен есеп)
жеке
блог

Асығыс-үсігіс барған Алматыға сапарым жайлы баяндауға енді отырдым. "Ауылыңа барып алып, үндемей жатырсың ғой", "Есеп қайда, пост қайда?" деп "сөгіп"  үлгергендер үшін кешірім өтінемін).

Неден айнығанын білмеймін, әйтеуір бастығымыз "өлгенше" қыдырып келуіме рұқсат берген алдында, жолға шығарда барған ізіммен кері қайтуымды бұйырды. Бұйрыққа бағынбай қайда барам, әскердегі бауырым мен массагеттік ағайынмен қауышамын деген жоспарым бос қиялға айналды. Массагет, шаңырағыңа бас сұқпай кеткенім үшін айыптымын, Мейіршок, алда әдемі күндер бар екеніне сенейік!

Кішкене ғана бір үміт, Назеркедей керім қыздың туған күніне қатысу, көңілдегі кірбіңді бәсеңдетті...

Сол күні жапалақтап жауған ақ қар мен сықырлаған сары аязға қыңқ демей, сыйлықтарын арқалап "Сапфир" мейрамханасына жол тартқан Назеркедей арудың достарының қатарында  болдым. Өмірдегі орнын айқындап, ақыл тоқтатқан Назерке қыздың құрметіне бас қосып, ақ жарқын жүзін көрудің сәті түсті. Яғни, 18 желтоқсанда сағынып барған Алматының төрінде ұлан асыр туған күн кешіне қатыстым. Жиналған достары Назеркені төрге отырғызып, тәтті тілектері мен әндерін арнады. Бірге өткізген қызықты күндер мен бұрынғы әзіл әңгімелерді еске түсіріп, отырысты ду-ду әзілдің ортасына айналдырды.  Балалығы мен жастығында жанында жүрген достары Назеркенің адамгершілік қасиеттерін атап өтіп, кей пейілді, ақ жүректі ару екенін айтуда бірінен бірі қалыспады.

Жүректен шыққан тілектерді Назерке ұйып тыңдайды...

Ән шырқадық... Сәкенмен айтқан әніміз хит болды айтпақшы:)

Дана - Назеркенің 1-сыныптан бірге оқып, содан бері достықтары үзілмей келе жатқан ең қымбат, ең жақын жан құрбысы екен. Дана "Жан досымды" арнады...

Анаржан екеуміздің де дуэтіміз жақсы шықты, бәрі билеуге кеткенде қысылмай-қымтырылмай айтып алдық:))

Асыр салып та, мың бұралып та би биледік...

Ән айтылып, би биленіп, сыйлықтар табыс етілген кеш болды. Қыздардың маған берген сыйлықтарына балаша мәз болдым, рахмет қыздарик!

Отырыстың соңы әйгілі мафия ойынымен жалғасты. Назерке екеуміз мафия болғанда бәрін жайратып тастадық, яхуу). Бірақ ары қарай ойнай алмадым, "мафия сен сияқтысың" деп бәрі мені алып тастады қайта-қайта((. Мафияның жүргізушісі, ең ақылды, ең көрікті, ең сұлу жігіт (өзінің айтуы) Азиз жұбайымен отырыстың ажарын ашты.

Кештің қорытынды сөзі Назеркенің жүрекжерды лебізі мен әдемі өлең арнауымызбен аяқталды. "Ақ келінді" қосыла шырқадық.

Құрметті Назерке! Ақ дастархан басында айтылған ақ тілектер мен ізгі ниеттер Алланың құлағына шалынып, сол күнгі кеш үлкен тойдың бастауы болып, әппақ келін атануыңызға тағы да тілек қосамын!

Ақ жүрегіңіз мәңгі соғып, осы қалпыңыздан таймаңыз!