Назарбаев Университетінде Шенеуніктердін және Байлардың балалары оқиды. Аңыз ба әлде Шындық па?

Назарбаев Университетінде Шенеуніктердін және Байлардың балалары оқиды. Аңыз ба әлде Шындық па?
жеке
блог

        2009 жылы, Астана қаласында, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің бастамасымен халықаралық деңгейдегі университет құрылды. Ал 2010 жылы, университет алғашқы студенттерін қабылдады. Университеттін миссиясы Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамытып, халықаралық деңгейге шығару болып табылады. Сондықтан, университетте шетел мемлекеттерден арнайы шақырылған үздік ұстаздар мен зерттеушілер студенттерге тәлім беріп, инновациялық зерттеулермен айналысады.

        Жаңа оқу орын болғандықтан сырттан көптеген сұрақтар туындайды. Солардың бірі: "Осы Университет кімге арналған?", "Байлардың балалары қалай білім алады?" ж.т.б.

        Университет қабырғасында білім алып жүрген студенттер мұнда ақша төлеп немесе шенеуніктің баласы болғандықтан түскен емес. Назарбаев студенті болу үшін олар тек қана өз күшіне сеніп, байқаудан өтіп, үміткерлер арасынан озып шыққан.

        "Неге сен осылай ойлайсын?" - деп сурай аласыз.

        Мен Шығыс-Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында қарапайым отбасыда дүниеге келдім. Әкем кенші, анам мектепте ұстаз. Алтыншы сыныпқа дейін ауылда оқыдым. Кейін, Семей қаласында Қазақ-Түрік лицейінде білім және тәрбие алдым. Мектепте оныншы, он бірінші сыныпта оқып жургенімде Назарбаев Университетінде оқуды армандадым. Сондықтан осы университетке түсу үшін емтихандарды тапсырдым, алайда менің жолым болмады. Содан кейін бір жыл бойы дайындалып, бағымды екінші рет сынап көрдім. Сол кезде мен өз білімім арқылы Назарбаев Университетінің студенті атанғаным мақтан тұтамын. Осы жерге келгенде бірінші рет емтиханым сәтсіз өткендігінің себебін таптым. Бұл менің білімім жетпегендігі деп есептеуге болады. Менімен қатар еліміздің үздік оқушылары оқиды, көбі әр-түрлі республикалық және халықаралық олимпиада мен білім жарыстарының жеңімпаздары. Осы студенттермен бір топта оқып жүргенімдіктен өз сөзіме сенімдімін.