Наурыз той

Наурыз тойы

           Асығып жеткен наурыз айы да келіп жетті. Айнала арайланған күн нұрына бөленіп, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңарып, ерекше нұрлана түсетін бұл айды қай қазақ та ерекше қарсы алатыны сөзсіз. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзімен айтсақ:

«Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл –көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып,

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып».

         Көктем – ерекше мезгіл. Себебі, қазақтың жаңа жылы көктеммен бірге келеді. Иә, әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да, Жаңа жыл осы халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Мұсылман қауымының Жаңа жылы – жазғытұры күн мен түннің теңелген күні – 22 наурызда тойланады. Cонау түркілік кезеңнен бері келе жатқан ұлыстың ұлы күні—Наурыз мерекесін елдік деңгейде, кең ауқымда тойлауға Атырау облысы Индер ауданы да  белсенділік танытуда.  Ұлы мереке таңертеңгі шарадан бастау алып, кешке  Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтыбақан» ойын-сауық кешенімен өз мәресіне жетті. Түрлі дәстүрлік ойындар ойнатылып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттырды. Ойынға белсене қатысқан қыз-жігіттерге ерекше мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                                                      Жадыра Нариманқызы

                                                                                                       М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті

 



Бөлісу: