«НАУРЫЗ-КӨКПАР» ОЙЫНЫ

«НАУРЫЗ-КӨКПАР» ОЙЫНЫ
жеке
блог

Ойын шеңбер-алаң ішінде ойналады. Шеңбер-алаңның ішкі ең кіші қызыл дөңгелек (Күн) радиусы - 1 м – оның ішінде ойын басталарда көкпар жайғастырылады. Көкпарды аттылы ойыншылармен де, жаяулармен де тартуға болады.

Ақ (Таң) дөңгелек радиусы – 5 м.

Үлкен жасыл дөңгелектің радиусы - 40-60 м. Жасыл алаңды жиектей 12 дөңгелекше (Ұя) белгіленеді, олардың әрқайсысы мүшелдің бір жылына сәйкес.  «Ұялар» да, «Күн» де ешқандай шұңқыр немесе биіктегі қазаншұңқыр күйінде емес, жазық көгалға жайылған  киіз түріндегі шеңбер болып табылады.

Ойынға небәрі 12 ойыншы қатысады, олар мүшелдің әр жылы үшін ойнайды, ол үшін ойын басында әркім   өз «Ұясында» тұрады да, төрешінің  ысқырығымен ойыншылардың бәрі ақ дөңгелекті сағат тіліне қарсы бағытта бір айналып шығып, «Күндегі»  көкпарға ұмтылады, қайсысы бұрын жетіп, қолға түсірсе, сол өз «Ұясына» көкпарды апарып тастауы қажет.

Ойын 40 минут ойналады, сол мезет ішінде кім көкпарды ұясына көп түсірсе, сол - жеңімпаз.

Ойын авторы – С.Ерғали