НАУРЫЗ-АЛЬЯНС

Наурыз мерекесін азаматтық-мемлекеттік деңгейде өткізуге қоғамдық-әлеуметтік топтардың,бастамашылардың жобаларын  жұмылдыру,үйлестіру,қолдау мақсатымен НАУРЫЗ-АЛЬЯНС клубы құрылды.

Наурыз-альянс – мемлекеттік органдарды, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелерді уақытша біріктіретін қоғамдық бейресми клуб.

Альянсқа мүше білдіргендер 5 топқа бөлініп өз бастамаларын білдіруде.

Зиялы қауым: клубқа бірігуге тілектес ғалымдар, барлық өнерпаз тұлғалар мен мемлекеттік,қоғамдық қайраткерлер, зиялы қауым:

 

Берік Әбдіғали

Орақ Әлиев

Айдос Сарым

Асқар Құмыран

Дүкен Мәсімханұлы

Асқар Наймантаев

Зира Наурызбаева

Дәурен Қуат

Сәуле Мешітбайқызы

Аңсаған Мұстафа

Есен Елеукен

Ербол Тілешов

Жанғали Жүзбаев

Серік Ерғали тағы басқалар.


Белгілі журналист, қоғам қайраткері Берік Уәли бастаған Әкімшілік тобына министрлер, әкімдер бастаған азаматтардың,әсіресе Наурызға қатысты сауал жолдаған түрлі деңгейдегі депутаттар кіретіндігі күтілуде. Былтырғы Наурыз мерекесі ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың қолдауымен оңтүстік өңірде 9 күн бойы мерекеленгені мәлім. Биыл осы бастама басқа өңірлерге жайылатыны сөзсіз. Оңтүстік Қазақстан облысы альянс аясында өзге өңірлермен өзінің былтырғы тәжірибесін бөлісуге даяр. Мемлекеттік ұйымдар тобына ұлттық компаниялар, ЖОО, мектептер, колледждер, лицейлер, балабақшалар, халық ассамблеялары тағы басқа ұйымдар мен мекемелер кірмек; оларға арналған арнайы сценарийлер әзірленуде. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы бастаған ұйымдар тілек білдірді. Коммерциялық ұйымдарды қамтыйтын Бизнес-құрылымға топтасатын бизнесмендер мен кәсіпкерлерге  өз үлестерін қосуға мына бағыттардың біріне атсалысу ұсынылып отыр: Наурызды мерекелеуге қатысты атрибуттарды әзірлеуге, насиқаттауға қажетті шығындарға демеушілік көрсету; Наурыз мейрамына қатысты сұраныс тудыратын коммерциялық өнімдер мен жобаларды атқаруға инвестор болу.  Насиқатшылар тобына бірқатар қоғамдық ұйымдар мен БАҚтар кірді:

Абай.кз  порталы

«Заман- Қазақстан» еларалық газеті

Аманатинфо.кз сайты

«Жебе» газеті

Маса.кз сайты

«Қазақия» газеті

Қамшы.кз сайты

Ұлт.кз сайты

ОРТ-Евразия тағы басқалар.

 Сонымен бірге жекелеген журналистер өз алдына топ құрауда:

Аршат Оразов

Серік Жолдасбай

Халима Тәжіқұл

Аршат Ораз

Еркін Иргалиев

Біләл Қуаныш

Аязби Бейсенқұлов

Серікқазы Кәкібаланов

Еркін Иргалиев

Сәкен Сыбанбай

Данияр Есен

Дина Төлекова

Индира Тұрсынбай

Нәзия Жоямерген

Данияр Қасымов

Жәния Әбдібек

Меруерт Айтқазықызы

Бейсен Ахметұлы

Марат Уатқан

Өміржан Әбдіхалық т.т.

Наурыз-альянс» клубының қызметін Фейсбуктағы «Наурыз» тобына мүше 85 адамның барлығы да насиқатшы болатыны күмәнсіз.

НАУРЫЗ-АЛЬЯНС мерекені этнографиялық еске алу сипатынан арылтуды көздейді, сол үшін ежелгі ұлттық ғұрыптар мен жоралғыларды жаңаша формаға келтіріп, мейрамның атрибуттарын қалыптастыруға жұмыстанбақ.

Қазірдің өзінде АЛЬЯНС мүшелері түрлі жоспарлар мен жобаларды қарастыруда, атап айтсақ:

Астаналық зиялы қариялар үшін «Белкөтерер» рәсімі; «Наурыз-жылқы» сериясы бойынша құтпарақтар (открытка) әзірлеу; Ғұндардың дәстүрімен Тоғыз тарау күй тарту; «Домбыра пати» шарасы;  «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар қауымдастығы өз жобасын ойластыруда; Алматыда «Терісқақпай» театры жаңа өнім ұсынуды қарастыруда; Наурызды жаңаша мерекелеу нұсқаларының таныстырымы; Жылдар шеруі; Бас таңды қарсы алу рәсімі; Гүл жәрмеңкесі, тал егу акциясы; Шүлен тарату т.т.

Альянс аясында дәстүрлі ғұрыптар мен жоралғылар уақыт талабына сәйкестендіріліп мәдени жобаларға айналдыру жалғаса береді және жекелеген жобаларды түрліше жүзеге асырылады; алайда жекелеген бастамаларға берекетсіз араласып кедергі жасауға ешқандай жол берілмейді.

Наурыз-альянс құрамына кіруге ерік білдірген ұйымдар мен тұлғалардың бастамалары одан әрі жалғаса береді және Альянс өз қызметін 25 наурызда қорытады.

Наурыз-альянсқа мына электрондық адрес пен Фейсбук тобына хабарласуға әбден болады:

Е-mail:  nauryz-alyans@mail.ru 

https://www.facebook.com/groups/109246125918578/ 

ҰЛЫ ІСТІҢ ҰЛЫ КҮНІ - ҰЛТТЫҢ ЖАҢА УАҚЫТ МЕЖЕСІ!

НАУРЫЗ-АЛЬЯНС клубы.

30.01.2014             



Бөлісу: