Нәтижеге бастар жол

Нәтижеге бастар жол
жеке
блог

     Аманбысыздар Массагеттіктер!

  Бүгін сіздерге мақсатымның алғашқы нәтижесімен бөліскім келеді.

  ҰБТ-ға дайындықты ана тіліміз – қазақ тілінен бастадым. Мен үшін бар ғылымның бастауы ана тілімнен басталады.

   Дайындық барысында,  алдымен, 25 сұрақтан тұратын қазақ тілінен «Шың» кітабындағы тесттерді  орындадым. Сол  арқылы әлі де кемшін тұстарымды тауып  белгілеп алдым. Біртіндеп түсінбеген тақырыптарымды қайталап оқи бастадым. Артынша тақырыптық тест нұсқаларын орындадым. Нәтижесі алдарыңызда.  

        Көп талапкерлер ҰБТ-да орыс тілі пәні саналмайды деп дайындық барысында аса мән бермейді, бірақ мен олай істемеймін. Орыс тілін өміріме қажетті игіліктердің бірі деп санаймын. Қазір жаз басталғалы орыс тіліне дайындықты енді бастап жатырмын. Алда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткіземін.

        Таңдау пәнім – ағылшын тіліне келсек, сынақ барысында сөздік қорыма сын есімдердің қатарын толтыру керегін байқадым. Сонымен қатар, фразалық етістіктердің (take off, go in for, put up and etc.) мағынасын түсініп игеруді жоспарыма қосамын. Әзірше нәтиже осындай.

P.S. Негізгі дайындықты 10 – сыныптан бастап кеткенмін. Тек 25 мамырдан кейін аздаған үзіліс алып қайтадан дайындығымды пысықтауға кірістім. Апта соңында Қазақстан тарихы мен математика пәніне дайындығымды көретін боласыздар.