НАСА не деп отыр? 2040.02.05


Ғылым дәлел мен дәйекті қажет етеді. Біздің әлем 4 млрд жыл бұрын жаратылған дейді. Ал осы әлемнің қашан аяқталатыны, ақырзаманның қашан болуы әлі күнге дейін белгісіз. Иә, ол тек бір жаратқанғағана аян. Бұған дейін талай көріпкелдер ақырзаман пәлен күні болады деп жар салып келген. Бергісі кешегі 2012 жыл. Қаншама жұрт үреймен абыр-сабырға түсті. Түкте болған жоқ. Өмір өз өрінегімен айналуда. Енді жұртқа ақырзаман пәлен күні болады деп айтып көр. Ешкім сенбей күлетін күйге жетті. Бұғанда шүкірлік деу керек шығар. Адам бойында үреймен қорқыныштың болмағаны жақсы-ақ.   
Әлқисса әңгіменің төркіні мынау. 

Халықаралық ғарыш зерттеу орталығы яғни “НАСА” агенттігі 2040 жылы, 26 жылдан кейін әлемге ақырзаман орнауы мүмкін деп отыр. Бұлар зерттеу мен есептеулер арқылы шынайы ақпарат таратып отыр дейді. Бір айта кетерлігі 2012 жылы жұрт ақырзаман болады дегенде осы НАСА агенттігі еш қисынға келмейтінін, жерге еш бір қауіптің төніп тұрмағанын, ақырзаман болмайтынын айтқанды. Бұл жолы енді өздері ақырзаман болуы мүмкін деп отыр. Ал не айтасыз? Алдағы 2040 жылы әлемнің 80 пайызынан  астам халқы қырылуы мүмкін екен. Егерде жер көлемінің 4/1 бөлігіне соғылса бірден 100 млн адам опат болады дейді.

Әлем түгелдей жойылып кетпеседе оның зияны жер бетіне зор алапат әкеледі деп отыр. Әр түрлі аурулар мен азық-түлік жетіспеушілігі адамдардың қырылуына әкеп соғады дейді. Өткен 2011 жылы 150 метр көлемдегі  “AG5” атты астероид жерге жақын қашықтықта өткен және 30 жылдан кейін осы алып дененің жерге соғылу мүмкіндігі өте зор дейді. 2040 жылы ай мен күннің ортасынан өтетін осы дене жерге соғылады-мыс. 

Ғалымдар осы астероидты 2013 жылдан бастап зерттеп жатыр. Зерттеу 2016 жылы аяқталады екен. Ал 2017 жылдың басында аталмыш астероид жайлы, жерге соғылама жоқпа? нақты мәлімет береді деп отыр. Осы жөнінде “UNN EuroSMI” агенттігі ақпарат жариялап отыр. Тіпті апат келетін күннің өзін есептеп қойған. 2040 жыл 05 ақпан. Уақыт кетіп жатыр… 
Бәрі бір аллағағана аян. Құдай оның бетін ары қылсын дегенғана. Әлем-өмірі сөнбесін.



Бөлісу: