Нанның зияндығы дәлелденді ме?!

Нанның зияндығы дәлелденді ме?!
жеке
блог

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан жалыққан емес.

Нан – ең қауіпті тағам. Америка ғалымдары осындай мәлімдеме жасап, ас атасынан келетін ауруларды атап берді. Зерттеу қорытындысы бойынша, нан-тоқашты көп жеу, әсіресе, жүрек пен қан тамырларына үлкен зардап әкеледі. АҚШ ғалымдарының бұл пікірімен Қазақ тағамтану академиясы да келісіп отыр. Академик Төрегелді Шарманов қазіргі нанның құрамы толған химиялық қосындылар екенін мәлімдеді.