Халімді сұрамасаң,сұрамағын,
Сенде маған соншалық ұнамадың.
Олмей жатып шығарма жаназамды
Мен әлі құламадым!
Сөзімді құптамасаң,құптамағын,
Қатігез жанарыңды сұқтамағын.
Сенсіз менің жігіттік туым құлап,
Алға баспай қоймайды түк қадамым.
Сен мені сүймей-ақ қой,сүйме мейлі,
Өзіңсіз өрт сезімім күйремейді.
Сені ойласам қан құсып кете жаздап,
"Сау" жүрегім санаусыз түйрелейді.
Сен мені елемесең,елемегін,
Мен кейде жаңарамын,көнеремін.
Мына мендік қайғыны берсе саған,
Сонда сенің халіңді көрер едім!
(Олімімді тілеме Тәңіріңнен,
Ажал күтіп тұрмаса неге өлемін?!)
Сен мені сағынбасаң,сағынбағын,
Мен де сендік сезімге табынбадым.
Сені мүлдем өшірем өмірімнен
"Жырыңа қоспадың"-деп шағынбағын.
Сен мені жақтама да,тілдемегін,
Түсіме кіре берме түнде менің.
Мен өзіңсіз миллион қызды ұнатып,
Миллион қызға ұнап үлгеремін......