Мен біраз уақытқа дейін батырларды үлкен тұлғалардан ғана іздейтінмін. Ол социалисттардың культивизация жасау үшін сіңіріп қойған идеясы екен...
Нағыз қаһармандар кішкентай адамдардың ішінде де өмір сүреді!
Қазақстанда кім қаһарман: Жемқор емес, тройбалист емес, жағымпаз емес, өзінің принціпіне адал, толерантты, мәдениетті, парасатты адамның бәрі қаһарман!
Себебі бізде осы мінездің біреуін өзіңде арқалап жүріп өмір сүру өте ауыр! Қоғам тұтастай жоғарыда аталған мінездемелерге түгелдей қарсы, жеңіл жолмен өмір сүріп үйреніп қалған. Оларға солай жеңіл...
Аталған мінездің біреуін бойыңыздан байқасаңыз немесе жаныңыздағы біреуден байқасаңыз, ол қаһарман деген сөз!
Ұмытпаңыз, осындай адамдардың арқасында еліміз әліде өмір сүріп жатыр! Сондай адам көрсеңіз, қадірлей жүріңіз. Олар елімізде өте аз...
Өзіңіз қаһарман санайтын адам туралы айта кетіңіз... біле жүрейік, қадірлей жүрейік...
Автор: Серік Хасенов
Сурет: Ернар Алмабек