«Астана» арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» теледуманының тоғызыншы санында «SuperStar.kz» жобасының финалисті Ерлан Әлімов құрбысы Сабина Мыңбаевамен, «Азия» тобының белді мүшесі Нұрсұлтан Батырқұлов Кәмила Смановамен, «Тамаша» әзіл-ысқақ театрының актері Саттар Ерубаев жары Ферузамен бірге, «SuperStar.kz» жобасының 3-маусымының жүлдегері Евгений Гартунг жары Ксения Яковенкомен бірге бақ сынады.
Бұл бағдарламада қосағына адал жандар мен сезіміне берік жандар бас қосады. Ерлеріміз бұл жолы бәсекелестік көрсетудің орнына, ерлердің нағыз ынтымақтастығын, достығын көрсетті. Тіпті, қолдау болсын деп Саттар мырза қарсыластарына бата беріп жіберді.
Алғашқы айналымда арулар жігіттердің күшін сынап алғанды жөн көрді. Олар 5 минут ішінде бөренені екіге бөлуден жарысты. Отын жару сайысы адал еңбекпен орындалғаны жігіттеріміздің маңдайынан шыққан терден-ақ байқалып тұрды. Өкінішке орай, бөденені жарғаннан бұрын, екі балтаны сындырып үлгерген Евгений отбасылық қоржынға тек 3 ұпай әкелді.
2 минут ішінде әлемдік танымал 20 нысанды атап беру сайысында Саттар Ерубаев тапсырманы орындай алмай, өзінің мектеп қабырғасында география пәнінен 4 деген баға алғанын мойындады. Ал мақал-мәтел айтуда таза жеңіске жеткен қатысушымыздың әдебиет пәнінен үздік баға алғаны көрініп тұрды.
Теңге алу сайысында Ерлан Әлімов теңге салынған 10 дорбаны қанжығасына байлап, ең бай жігіттің бірі атанды. Сабинаға темір тұлпар әперемін деп уәде еткен Ерлан жігіттік сөзінде тұрды деп есептейміз.
Ал Нұрсұлтан Батырқұлов құрбысы Сабинаның сенімінен шығу үшін стакандармен қандай сиқыр жасағанын білгіңіз келсе немесе батыстың ақсүйектерінің аттың үстінде ойнайтын «поло» ойынын көргіңіз келсе «Астана» арнасынан алыстамаңыздар.
Нағыз таңдаулы отбасылар қатысатын, нағыз ерлердің достығы дәлелденетін «Саған сенемін. Мой лучший» думанын жексенбі күні, сағат 19.00-де тамашалаңыздар.