Нәбиге арнау

Ай өмір ай,қатал едің, адамды кеп жылатасың,
Жылатып ап,өкінгендей неменеге жұбатасың.
Жарық жұлдыз боп тұрған Нәбиді сен алып кеттің,
Зар жылап, жүрек қанап,өкінішпе қалып кеттім.

Сүйіп тыңдар әншім еді,өлең айтса тыңдататын,
Қоңыр саздай даусыменен өне бойды тұлататын.
Енді мен не істей алам,көзді жұмып,әнін тыңдап,
Әнін тыңдап, еске алып, жүрекпенен тұрмын жылап.

Жұбатайын ата-анасын өзімде мен жылап тұрып,
Қайғырмаңыз,есте қалды балаңыз сіздің алып тұлып.
Сезімменен ән айтқанда паш еткізді бар сырын,
Болмағандай бұл өмірде,сездірмеді зар-мұңын.

Жүрегім ауырады,ойламайын десемде,
Жүреді күліп елестей,менің күнде түсімде,
Әппақ киім киіп ап,тереземде тұрады,
Қолын созып күлімдеп,жүрек тұсын ұрады.

Жаза алам мен тек өлең арнап кешір,аға,
Бұдан басқа менде айтшы амал барма?
Халқың сенің еске алып,айтып жүр қазір әніңді.
Әнді айтып қуанып,сезбей қалады жоғыңды.

Мәңгілік бір тұлғасың,мақтан тұтам әніңді,
Себебі сен бұл іске аямадың барыңды.
Нәби аға,қош енді,еске алам мәңгіге,
Еске алып мәңгіге тапсырамын Тәңірге.


Сымбат Жапашева



Бөлісу: