Н…..-ға
Ойға батса көңілдің түсте етегі,
Уақыт шіркін дегенің істетеді…
Көкірегіме сақталып асау сырлар,
Жұмбақ болып барады-ау іште тегі.
*
Тағдыр тағы көндіріп ырқына мың,
Толқындардай толықсып бұлқынамын…
Жамыраған адамдар арасынан,
Саған қарай жетуге ұмтыламын.
*
Жақындаймын алпауыт үмітпенен,
Үміттен де содан соң күдіктенем…
Өте берем өзімше ойға оранып,
Сенің ғана қасыңнан бұғып төмен.
*
Жетелейді мені де сағыныш үн,
Білем соң-соң артады сағынышым…
Тал бойыңнан балқитын тұла бойым,
Сенің көркін, ол менің жарылысым.
*
Йя…
Солай…
Түндерде азаптаған,
Сенің ғана бейненнен ләззат табам…
Тұншықтырып, тынымсыз тыныстатқан,
Сендік әлем расында ғажап маған.
Нұрболат Досжаннан