Мысыр пирамидалары және Имхотеп

   Магиялық  «7» саны – әлемнің жеті кереметінің символы. Арадан бірнеше ғасыр өтіп, қилы замандарды бастан кешірген сол «7 кереметтен» қалған дүние - осы жеті саны мен археологиялық қазбалар ғана десекте болады. «7 керемет» дегенде көбіне көз алдымызға Мысыр пирамидалары елестейді. Оның «керемет»  деп аталуының өзіндік себептері бар. 

   Бұл пирамидалар осыдан 5 мың жыл бұрын тұрғызылған. Көненің көзі болып қалған бұл дүниені жаушылық заманында Мысырды жаулап алушылар онымен ештеңе істей алмаған көрінеді. Египет тарихына үңілер болсақ, олар 3 мың жылдай өз заманында алпауыт мемлекет болған. Хан тағына фараондар мен хандар да отырған. Бірақ, тарих үшін олар емес, пирамидалардың ықпалы басымдырақ болды. Мысыр пирамидалары  1889ж. Эйфель мұнарасы салынғанша, әлемдегі ең биік ғимарат болып саналған.  137 метрді  (бұрын 147м) құрайтын Хеопс пирамидасын  Герадот 20 жыл салған деп жазған.

     Имхотеп. Иә, дәл осы адам Мысыр пирамидаларын ойлап тапқан. Ол өз заманында кез-келген нәрсені оңай игеріп кететін данышпан әрі жомарт кісі болған. Имхотеп тек құрылыс саласымен ғана шектелмеген. Жазушылық,  магия өнерімен де әуестенген. Оның заманында ғылым сиқырмен етене жақын болған. Ежелгі Египет әдебиеті мен фальклорінде Имхотептің мәтелдері кездеседі. Бір қызығы Имхотепті гректер медицина құдайы санаған. Әлемдегі алғашқы мүсін де осы Имхотепке арналып салынған.



Бөлісу: