МЫСЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІГІ 1.

МЫСЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІГІ 1.
жеке
блог


1-ші бөлім .

1-ші күн 
Бүгіннен бастап күнделік жазып жүремін деп шештім. Алдында елестің күнделігін тауып алдық. Мен туралы жазып тастапты сыболш. Маған күнделігін көрсетпей тығып ұстайды. Менде өзім күнделік жазып жүремін деп шештім. 

2-ші күн 
Үйдің егесі итті алып бір жерге кетті. Мені тағыда елеспен қалдым. Мені көршіге қарап қой деп айтып кеткен. Ол келсе мені жуындыра береді. Мен судан қорықпаймын, жəй онша суға түскім келмейді. Оның үстіне үстімді тазалайтын тілім бар. 

3-ші күн  
Бүгін елеспен жүгіріп жарыстық, қалып қойды. Ертең үйдің егесі келеді. Елес гүл салынған құмыраны құлатып алды. Тағы мен таяқ жейтін болдым лібəəə. 

4-ші күн 
Бүгін үйдің егесі келді. Өзім сезгендей құмыра үшін басымнан бір қойды. 

5-ші күн 
Бүгін маған тамақ ретінде китекат алыпты. Маған вискас ұнайтын. Үйдің егесіне түсіндірмек болып барынша айқайлап мяулаған едім, тағы таяқ жедім. Сол үшін елеске ренжіп қала салдым. Ол мені түсіне алмай таң. Өзіне сол керек сыболштың. 

6-шы күн 
Бүгін ешкім құмды ауыстырмапты, мен ондай құмға дəрет сындырмаймын. Кілемге дəрет сындыруды жөн көрген едім, бірақ үйдің егесінің тəпішкесі жаңа болғандықтан басыма қатты тиіп жүр, қоқамын. Елес "балконнан далаға дəрет сындырып көр" дейді. Біреу сідігімнен тартып құлатса ше?  Осындай сұрақ қойғаным үшін елес маған психологқа баруға кеңес берді. Айтпақшы психолог деген кім? 

7-ші күн 
Бүгін ұйықтап жатқан жерімнен таяқ жеп ояндым. Еванаврот елес тағы не бүлдірді. 

8-ші күн 
Үйдің егесі алжыған ау деймін, жаңа əлгі телефон деген нəрсемен сөйлесіп отыр. Болған оқиғаны елеске айтқан едім, ол маған "Ол Күлəшпен сөйлесіп отыр. Алжыма" деп қоя салды. Сонда Күлəш əлгі кіттəй телефон деген нəрсенің ішінде отырма? Түк түсінбедім. Оданда барып ұйықтап алайын. 

9-шы күн 
Бүгін харлемшек деген би билеп жатқан кезімізде үйдің егесі үстімізден түсті. Ақуеват етіп қалды ау деймін. Ит екеумізді ғана көрді, елестің билегеннін көргенде вапще паника болып қалатын еді. Қатя елесті билемеген кезінде көрседе паника болып қалады. 

10-шы күн
Бүгін қар жауды. Елес маған "Осы мысықтардың қарды жейтіні не əдет? Түсіне алмадым сендерді" дейді. Мен оған дəретке шығып болғаннан кейін неге дəреттерін көмбейтінін сұрамаймын ғой осы. 

11-ші күн 
Бүгін жарық өшіп қалды. Маған бəрібір менің көзім қараңғыда көре береді. 

12-ші күн 
Бүгін елес үйдегі жиһазды өзі қалағандай қылып орындарын ауыстырып қойды. Үйдің егесі мені ұрды. Жындыма мен жиһазды көтере алмаймын ғой. Осыларда логика деген жоқ. 

1-ші бөлімнің соңы.

  Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!