Мысық құпиялары

Мысық құпиялары
жеке
блог
Мен үшін ерекше үй жануары ол – мысық.
Мысықтар өзге үй жануарларынан ерекше болып келеді. Қазіргі қолға үйретілген мысықтардың арғы тегі Левиялық мысық болып саналады.Оны Африка тұрғындары осыдан 6мың жыл бұрын қолға үйреткен деген дерек бар.Мысықтар жылына 2 рет күшіктеп,3 немесе 4 марғау өмірге әкеледі.Балалары соқыр болып туады.Әр мысықтың мұрны,адамның саусақ ізі секілді ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды.Олар үстінен адамның исі шығып кетпеуі үшін жаланып,тазаланады.
Ең қызығы олардың біз білмейтін ерекшеліктерінде:
-Мысықтардың аталығы солақай,ұрғашысы оңқай болады.
-Мысық өз иесінде инсульт,инфаркт аурулары болу мүмкіндігін үштен бір деңгейге түсіреді екен.
-Шотландияда 30мыңға жуық тышқан аулаған Таузер есімді мысыққа ескерткіш орнатылған.
-Мысықтар тәтті дәмді сезбейді.Олардың көзі қараңғыда жақсы көреді,бірақ түстерді ажырата алмайды.
-Мысық асырайтын адамдардың 17 процентінің ғылыми дәрежесі болады.
-Мысықтар өмірінің 70 процентін ұйқымен өткізеді.
-Ол 100-ден астам дауыс шығара алады.
-Дасти есімді мысық 420марғауды дүниеге әкеліп рекорд орнатқан.
-Әлемде 230метр биіктіктен құлап аман қалған мысық бар.
-Мысықтардың алдыңғы аяғында бес,атрқы аяғында төрт тырнақ болады.
-Адам көзінің шолу бұрышы 180 градус болса,мысықтарда айналаны шолу қабілеті 200 градусқа тең.
Ескерте кететін жағдай ешқашан мысықтың көзіне тік қарамаңыз,тырнап немесе тістеп алуы мүмкін.
 
Мысықтың адам денсаулығына пайдасы зор:
-Адамның жүйке жүйесі мен психикасын қалпына келтіреді.
-Сынған сүйектердің бітіп кетуіне көмектеседі.
-Мысықтың пырылдаған дыбысы мидың және жүрек қанайналымын жақсартып,имунитетті көтереді.
-Гастрит,асқазандағы тасты жойып,остеоандроз,тұмау,ұйқысыздық ауруларынан емдейді.
-Ішімдік пен нашақорлыққа деген тәуелділікті сейілтеді.
-Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса,оның қан қысымы қалпына келеді.
Енді мен өз мысығым жайлы айтып өтейін.Менің мысығымның аты-Сеймур.Пародасы:Мейн-кун.Ол мысықтар өте байсалды,салмақты,жүндері ұзын,түрлері сүйкімді,жалқау,өте нәзік болып келеді.Бірақ олар ренжісе,өшін алмай қоймайды.Мен өз мысығымды қатты жақсы көремін!
Алланың үйі мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар мысық,және ол адам өмірін басқаларға қарағанда 10жылға ұзартады екен.Ендеше сіз де мысықтың жақсы қасиеттерін пайдаланып көріңіз!