Мырзам!

Мырзам, мың хат жазып, жіберуге батпадым, мың бірінші, мың екінші... айтпағым жүрегімде жазылса да, қағазға бірде бір сөз түсіре алмай жатқаным. Мырзам, сезім деген қиын тым, ластап алсам мөлдірі мен тұнығын, бекер сөзбен көркемдеуге ұялам махаббаттың қасиетті тұғырын. Қиял, қиял, түнде түс боп енеді. Мырзам, сізді құшақтағым келеді!!! Тағы міне сағыныштан тұншығып, жылап жүрмін. Себебі, сізді сүйем,одан басқа сырым жоқ... "Келеді" деп, жұбататын үміт көп. Күн мен түндер тізбектелді моншаққа, күнтізбеге алаңдаймын, біз жақта уақыт деген өтпей жатыр қырсығып..

P.S. Сезім менен сөзім тапты үйлесім, хат күтіңіз менен енді келесі,оған дейін әр түн сайын түс болып келіп жүрсін сізге ,мырзам, елесім.


Бөлісу: