Мыңнан дара...

        Қазақ эстрадасында ауыз толтырып айтатын әншілер жетерлік бірақ,солардың ішінде өзінің дарынымен дараланып тарихта қалатындары жоқтың қасы.Солардың бірі, қазақ эстрадасында «Synthpop» бағытында ән шырқайтын – Ғалымжан Молданазар. Ғалымжанның әндері тыңдаушыға жағымды, жақсы ой салатын, баяу ырғақты ән.

Оның әндерін өзіміздің отандастарымызбен қоса, шетелдік азаматтар да тыңдайтын болды. Олай деуімнің себебі, ол 2015 жылдың 26 мамыр айында Нью-Йорк қаласына барып, атақты «Break of Reality» тобымен, бәрімізге белгілі «Ақпен бірге» әнін орындаған болатын. Сол мезеттен бастап, Ғалымжанның аты әлемге танылды. Ғалымжанның бұл әнінен бөлек, көптеген әуендері бар. Жақында ғана ол өзінің кезекті жаңа туындысын шығарып,ол әнге бейнебаян түсіріп үлгерді. Ол өздеріңізге белгілі «Өзің ғана» әніне түсірілген бейнебаян. Бұл бейнебаян атақты режиссер Малик Зенгердің туындысы. Қазіргі таңда бұл бейнебаянды 118 054 адам көріп үлгерген. Шыққаныны бір апта өтпей жатып осындай көрсеткіш көрсетіп отыр. Болашақта бұл сандардың еселене түсетініне еш күмәнім жоқ.



Бөлісу: