Мыңдаған өмірді құтқарған екі өлім

Мыңдаған өмірді құтқарған екі өлім

      Жақында мен «Жизнь Дэвида Гейла» атты шетелдік киноны көрдім. Бұл киноның маған әсер еткені соншалықты, бірнеше күн есімді жия алмай жүрдім. Қозғалыс басшылары өз ұйымдары үшін жанымен берілгенін анық көрсеткен бұл кино өлім жазасы хақында. Мен созбалап, екінші википедия болмай-ақ қояйын. Дәл осы мен атап өткен фильмді көрсеңіздер өкінбейсіздер. Бұл жарнама да емес. Гейл мен Констанс есімді қозғалыс басшылары өлім жазасын мемлекеттік заңнамадан алып тастау жолында тер төгіп, ақырында мыңдаған жанның өмірін сақтап қалу үшін жоспар құрады. Ең жүрекке ерекше бататыны жоспар соңында екі алып өлімге өздерін қиюды басшылыққа алып, өмірмен де дәл сол қозғалыстың оң нәтиже беруі үшін қош айтысады. Соңы да өте әсерлі. Дегенмен, сіз де көріп, ойыңызды бұғып қалмаңыз. Себебі, менің жанымды жабырқатып, көңілімді босатып, терең ойға батырған бұл фильм сізге де ұнарына сенемін. 



Бөлісу: