Мына қыздың басы "тағы да" бос!

Мына қыздың басы "тағы да" бос!
жеке
блог

Массагетті сағынып қалдым,достар! Есік қағып бас сұқпақ түгілі ат басын бұру да ойдан шығыпты. Сөйтіп жүріп міне зымырап уақыт та өтіп кетіпті. Не жазарымды білмедім десем сандырақ болар...Бұл тентек қыз не жазушы еді...сол баяғы махаббат машақаты.

Бірақ бұл жолы жоқ махаббаттың машақаты! Расымен. 

Жарнама емес құлаққағыс. Түбі бір болса да әрқилы мағынада деп қоям өзімше...Мейлі. 

Біраздан бері "басы" босамай жүрген алдарыңыздағы мына қыз тағы да,ия,тағы да уақытын босқа сарп етіп алды. Шамасы...Мені ұғар жанның азы көңіл қынжылтады. Ғазиза деген красавишня бар,бірақ оған айтсам ұрысып береді...оқееееп күліп жүрген қыздың типа "мұңынан" хабардар болсын...

Жас 22-ге аттап барады,әрі тартсам да бері тартсам да жас құрғыр тоқтамайды екен. 22-ге дейін әлі толығымен бір жаз бар...так что успею...

Успею дегенде былай...Біраз уақыттан бері "махаббатттан" бас айналмаса да "осы-ау" деген "үміткерлер" қатарына ілінген бір жан болып еді. Қайрекең айтпақшы,"аааай өкініш" болды бәрі.... Махаббатының шынайы екеніне көзім жетіп тұр-ақ,бірақ...бірақ деген нәрсе құртып тұр. Әп-әдемі жүрген Қазына бір-ақ күнде құбылып шыға келді. Әлгі сері таң әрине. Күлімдеп жүретін қыз қырсықты да қалды, бұрынғыша ренішті ұмытып тұтқаны күлімсіреп алмайды,ашуға булығады немесе мүлдем көтермейді....Бұлқан-талқан болды бәрі. Бір сөзге тек қана. 

Расы оның бір сөзінен-ақ қатты шатасқанымды ұқтым. Уақытымды бос кетірдім деп айтсам да болар еді...бірақ оның сезімі бар да...Сезімін қайтем егер менімен мәңгі болмаса,қимай қызғанышқа өртенгенін қайтем болашаққа сеніммен қарамаса,ортақ көзбен...жоооқ,мүлдем басқаша екен түсінігі,мен ойлағандай емес.


Жыртыңдап әркіммен бір уақыт өткізер жастан өттім деп ойлаймын, карьера өз жолымен,алайда ол отбасындағыдай жылулықты ,махаббатты бермейді...


Кеше жақсы  бір досымның әңгімесі қатты ойландырды. "Карьера қашпайды,өз жарыңды іздеу жігіттің ғана міндеті емес, отбасылы болу сенің ден парызың!" деген. Сол себепті ерке болсам да "еркекше мінезімді" қайтадан онлайнға қостым. Өз жартымды іздеуге бел будым.

Мүмкін қыз болып сызылғаным да жөн болар, бірақ мен енді бұлай ойламаймын. Қолымнан келсе қонышымнан басқаным абзал деп жеке өмірдің шаруасына дәл суреттегідей білек сыбана кірістім. 

Достар,қалай ойлайсыздар,менің ойым дұрыс қой?!