Мың түйіршік - жастықтың мың лебі!

          Көшеде келе жатырмын. Айналам ақ қар. Қыстың нақ ортасы болған соң емес, мамықтай қар толассыз жауып тұрғаннан. Бірақ, күннің күрт жылуына байланысты жерге қонған сайын еріп кетіп жатыр. Соған қарамастан өз екпінін бәсеңдетер емес, қайта өршеленіп, ерегесе жауғандай көрінді. Мұнысын жерге тиген бойда кең алқапта көсілудің орнына тамшының бірі боп жерге сіңіп кетуден қорқа жауған лажысыздыққа теңгеру әсте дұрыс болмас. Қайта сол лажысыздықты мен көшеде беттеген жерлеріне асыққан адамдар жүздерінен көрдім. Етіктерінің ұшына жаһанның бар балшығы кеп жабысқандай ашулы. Ал маған бұл қар жанақтары белін бекем буып, өз мақсаттарына ұмтылған әр бір жасты елестетті. Әлемге тік қарап, құлдиға қарай құласа да өз қалауларының жолында аттанды. Олар берілмейді! Қар болып жерге қонды, тамшы боп суға айналады, сон соң жылғалар мен жылжып өз айдынына жетеді. Қайтпас қалаумен қамтамасыз етілген жастық.

           Сол тоқтамсыз жауған мың түйіршікті көріп менің жанымдағы әлсіз жалыным лап еткендей болды. Әлде биылғы емтихан барысынан бойыма қонған уайым ұшқынынан тым әсершіл болып кеттім бе екен?



Бөлісу: