Кеше Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Радик Темірғалиевпен аз-кем әңгімелескем. Сонда Радик ағамыз "Ілияс Есенберлин, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин дейтін жазушылардың шығармаларын оқыдым. Олар кәсіби тарихшы емес, бірақ шығармаларынан тарихшылардың өзі біле бермейтін детальдарды кездестіресің. Кезінде Бекмаханов қудалауға ұшырағанда көп ғалымдар тарихтан бойын аулақ ұстады. Есесіне аты аталған жазушылар керемет шығармалар тудырды. Әбіш Кекілбаев Әбілхайыр туралы тарихшылардың өзінен асырып зерттеген екен" деген пікір білдірді.
P.S. Мықты жазушылармен осылай ғалымдар да санасу керек сияқты. Қазір мұндай жазушылар өкінішке қарай жоқтың қасы. Біреуі журналистикада қара жұмысқа жегіліп жүр, біреуі асаба боп нан тауып жүр. Бүгінгі біздің әдебиет арзан қиялдың жемісі ғана сияқты, ғылымнан алыстап кетті.
Жандос Байділда фейсбуктегі жеке парақшасынан