Мықты актерлер аз, себебі қорқақтар көп

Инстаграм желісінде "Мықты актерлер аз, себебі қорқақтар көп" деген опрос* жасап едім. Әрине әркімнің ойы әртүрлі ғой, сол үшін де бұл пікірімді қоштағандар да қарсы шыққандар да болды. Жалпы былай сауал жасауымда "актер" деп тек актерлерді атап көрсеткеніммен бұнын барлық өнер адамдарына қатысы бар еді. Ал енді не үшін осындай ойда екенімді түсіндіргім келеді.

Менің ойымша шынымен де сапалы, мықты, шебер актер бола білу үшін ең біріншіден қорқақтығынды жеңе білу керексін, ал актерлік шеберлікті арнайы оқу не болмаса дәріс алу дегендер келесі орында, тіпті егер бойындағы үрейінді 100% жоя алсан бұлардың қажеті де жоқ. "Өмірдің өзі кино" деген сөз бар. Яғни ондағы жасымыз да, кәріміз де актерлерміз, алайда неліктен барлығымыз бірдей көгілдір экраннан жалтырап фильмдерге не болмаса сериалдарға түсе алмаймыз? Ондай адамдар мыңнан біреу ғана, себебі камерадан жалтармай оған тіке қарап, берілген текстты жаттанды түрде емес кәдімгі жүрек түпкіріннен шыққандай қылып айтып беру, өзіннің кім екендігінді бір сәтке ұмыта тұрып кейіпкеріннің сұлбасына ену  сырт көзге де, іс жүзінде жасап көргенге де өте қиың дүниелер. 

Шынайы актер екіжүзді бола білуі керек. Иә-иә бәлкім сіздер бұнымды ақымақтық деп ойлайтын боларсыздар, алайда расында да егер мықты актер болғын келсе бойында сол бір жаман қасиеттен титтей де болсын тамшы болуы қажет. Алайда, ол екіжүзділікті өмірде емес, кинода ғана, тек бір эмоциядан екіншісіне не болмаса жағымды кейіпкерден жағымсызға xамелеонша тез ауыса білу мақсатында қолданған дұрыс. Қазіргі заманда қорқақтығынды жан-жағыннан қоршаған камераның және өте қатал режиссердің алдында ғана жоя білу жеткіліксіз. Себебі бұлардың алдына жету үшін де біраз кедергілер бар. Мысалы, ата-анана "мен бір фильмнің кастингіне барамын" я болмаса "мен актер болғым келеді" деп айтуға тілінді сындыру үшін асқан батылдық, жүректілік керек, себебі қазіргі заманның үлкендері кино қарағанды, ондағы кейіпкерлерге жанкүйерлік еткенді жақсы көргендерімен өз баласының солардай болғанына, өнер жолына барғанына түбегейлі қарсы. Олардың саналарын "менің балам заңгер болуы керек, экономист болуы керек" деген таптаурындар басып алған, сол себепті көбісі бойларындағы  қорқақтықтарына камераға жетпей тұрып жеңіліп жатады. Сонымен қатар актерлік өмірге енуден, xалықтың оған деген сан түрлі көзқарастарынан, жағымсыз, xэйтерлік ой-пікірлерден үрейленгендіктен артқа шегінетіндер де жоқ емес. Басқа өнер адамдары сияқты актер адамдар да өз көңіл-күйіне, шабытына тікелей тәуелді. Олар өзге қызметкерлер сияқты өзінің жұмысы үшін ай сайын емес күн сайын табысқа ие болуы мүмкін немесе керісінше өз еңбегінің жемісін бірнеше айдан астам уақыттан кейін бірақ көруі мүмкін. Материалдық тұрғыдан бұл да қарап тұрсаныздар қорқынышты жағдай. Ал псиxологиялық тұрғыдан актерлер үшін ең қорқыныштысы ол - шығармашылық тоқырау. Иә, тереңірек үңілсек өнер жолы шынымен де қиың жол. Сол үшін де болар көбісі бойларында қабілеттері, дарындары, ниеттері бола тұра үрейлеріне ерік беріп жатады. Менің ойымша мықты актерлерді  өзге мамандықтарға адастырып жіберген басты қорқыныштар осылар. Өмірімде ондай адамдар бар болғандықтан да менде дәл осындай пікір қалыптасып қалған. Сонымен қатар бұлардың барлығын жеңе білгендердің де тізімі жоқ емес "жеке пікірімде".

Ps: талай киноға түсіп тастаған адамның жазғаны



Бөлісу: