Жақсы үйге түскен келiн - келiн.
Жаман үйге түскен келiн - Ананди!
***
Мен ешқашан өз әйеліме дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеп, тіпті қол көтеріп көргем жоқ.Әйеліме әмір жүргізіп көрмеппін. Өйткені менің әйелім жоқ.
***
Ауылдағы ағайындар әр аптада бір екі рет хабарласып, қал жағдайды сұрап тұрады. Ал, "Каспий банк" күнде хабарласады, смс жазады.
***
"Сенсіреп қалғыр "сенсор"-ай, екі қолға бір жұмыс тауып бердің ғой."
***
90-60-90 деген МАИ қызметкерінің алдынан өткендегі менің жылдамдығым.
***
Көптеген Қазақстандықтар көптеген Қазақстандықтарды еріншек деп ойлайды
***
Қайрат Нұртас пен Ақылбек Жеменей Қырғызстанның халық әртісі деген атақ алыпты!!!
***
Барі жақсыбись болады!
***
Бала кезімізде бәріміз ауылға Work and Travel бағдарламасымен жұмыс істеуге барғанбыз.
***
Автобустағы бес минөттік ғашықтыққа не жетсін....
***
Вокзалдың жанынан өткен сайын қайыр тілеп тұрған екіқабат сыған әйеліне жаным ашиды,екі жыл болды туа алмай тұр жарықтық.
***
Қазақтар бүгіннен бастап қазақша сөйлейік. "Не пи*ди" дың орнына, "Оттама" деңдер!
***
-Мен өлгенде жылаймын деп уәде берші.
-Мен қазір еңіреп тұрып жылайын,сен өлем деп уәде берші.
***
Шеге қағып жатқан жігіттің қолынан балға тайып кетіп саусағын оңдыртпай ұрып алып үндемей шыдап тұрғанын көрген алты жасар ұлы: Ах,шеш....н ия папа?!-депті
***
Мәшинеге жанармай құйып болғанда пистолетті "сілкіп-сілкіп" барып орнына салатын әдеттің қайдан келгенін білмеймін...))
***
100 рет суретке түсіп, 97-сін өшіріп тастайтын қыз, ұйықтап жатып "удали, удали" деп жатыр дейді.
***
Қазақта бұрын үш би бар едi: Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек би, Әйтеке би. Енді «Сотыби» деген қалтаға салып
жүретiн тағы бiр «би» шықты. Қазiр iстің бәрiн осы «сотыби»
шешедi.
***
Крышаң жанса 101-ге хабарлас.
Крыша керек болса 102-ге хабарлас.
Крышаң кетсе 103-ке хабарлас.
***
Қытайда бір-бірінің көзіне шөп салу деген жоқ! Тек: "Жаным, ренжімеші! Мен шатасып кетіппін", - деген жағдайлар жиі болады))
***
Тек қана қазақтың жігіттері,нағыз джентельмен ретінде қызға есік ашып тұрып "Майыспай тез кірсей-е" деп айқайлай алады.
***
-Тойдағы бас машиненің үстіндегі екі жүзік тәріздес дөңгелек нені білдіреді?
-Бастапқы ұпай сандарын білдіреді,0:0 деген.
***
Кішкентай кезімізде көгілдір экраннан фильмнің сүйісетін жерлері шығып қалғанда үйдегілерден ұялып,көзімізді жауып "Болдыма?Болдыма?" - деп сұрап отырушы едік...
***
2 аламын деп емтиханға барып 4 қойса "неге 5 емес" деп ашуланып шығасың.Гарри Поттердің шекесіндегі "Z" тәріздес тыртық кішкентай кезінде OPEL соғып кеткеннен қалған екен...
***
Қыз өссе...орифлейм байиды))
***
Ремикстеп, ән жазудың мәнici неде?,
Ақын қайда, қара сөздiң ұйытқылары.
Аман болса қазағымның әншiлерi,
Әлi талай қырғыз әнiн хит қылады...)
***
Жаяу жүргіншілер жол жүру ережелерін былай түсінеді: "жасыл" - "ЖҮР" ал "қызыл" - "ЖҮГІР"
***
Адамдар кейде "слм", "нест", "не жан?" деп жазған кезде интернетте әрбір әріпке ақша төленеме деп ойлап қалам!))
***
Егер "ақымақ" деген сөзді теріс оқысақ не болады екен?!Дұрыс айтасыңдар,ештеңе,бірақ соны бәрі оқып шықты.