Мыкеңнің ойлары!#5

Мыкеңнің ойлары!#5
жеке
блог

Қазір ұйықтаймын,мынау бір постты оқи саламын да ұйықтаймын,осы бір бейнеклипті көре салып ұйықтаймын деп отырғаныма 4 сағат болды,өмірімді ойрандадың-ау интернет...

 

Алматыда пәтердің суретін ғана сатып алуға болады!

 

Ержанның үш алмасы бар,ал Алмастың iPhone,iPod,iPad бар,кімнің алмасы Гүлжанның жүрегін тез жаулауға көмектеседі?

 

Оқытушы :
- Мырзағалиев, лекцияға неге кешігесің?
- Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын.
- Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?!

 

Қыз жатыр шалқасынан,
Тұрып кетті шал қасынан.

 

Үлкен ептілік,қажырлылық,еңбекқорлық және темірдей жүйкені қажет ететін жұмыс - таңертең автобусқа сыйып кету!

 

14-15-тегі қыз-ұлдардың "Махаббат!Ойбай,сүйемін,күйемін"- деп жүрген түрлеріне қарасам бізге сол махаббат 15 жасар кезімізді аттап барып жеткенбе дейсің.

 

"Бұрын сағатты көріп келші" - дегенде,"Ұзыны бесте,қысқасы жетіде"-деп қайтып келуші едім....

 

Өзін жұмсай бергеннен шаршаған інім атама "Жұмыс істетепейтінің бар,кемпірді несіне алдың?!"-деп шағымданып қояды.

 

Әкем маған "әй балам,анау кәпиторыңды әкеліп берші маған уйренейін дегеннен-ақ" таптым бәлені басыма,күніне бес рет "балам,анаусын битсем мынаусы битіп қалады"-деп құлақтың құрышы кетіп жатыр...

 

Екі жаман жаңалық,біріншісі - бүгін демалыс емес,екіншісі - ертең де демалыс емес!

 

Бірін - бірі жоғалтып алудан қорқатын бірден бір орын ол - кезекке тұру!

 

Егер адамзаттың телефон арқылы сөйлесіп болғаннан кейін тағыда бес минөт сөзін тыңдап тұратындай қасиеті болса,біздің жақын адамдарымыз болмас еді.

 

Басыма бәле тапқым келіп жүр,ғашық болсамба екен?!

 

Жеті рет өлшеп,бір рет кес,өмірде Ctrl+Z жоқ!

 

Қазіргі заманда үйленген жастардың әке шешесі бір балам екеу болды деп қуанудың орнына 2 кредитім 4 болды деп жылап жүретін көрінеді!

 

Тәуелсіздік жиырма бір жылы құтты бола,
Ей көңіліміз бәріміздің нұрға тола,
Елу жылды тойлап жатыр мұнайшылар,
Қара алтын таусылса сонда "қора".
Бәрін айтта бірін айт дейді қазақ,
25 жыл құтты болсын "Coca cola"!

 

Әйелдер байға шығыңдар!Барлық еркектер жазалануы тиіс!