Роза гүлін аларсың оны суға саларсың.
Оны суға салған соң, мені есіңе аларсың! (6 кластағы анкетамнан алынды!)
ツ
Ашыны да, тәттіні де татып тұрар,
Сонда да жанарында бақыт тұрар.
Бірде аш, бір тоқ боп жүргенменен
Біз сияқты «СТУДЕНТТЕР» – бақыттылар!
ツ
Қыздар неге суретке түскенде соткаларыңды көтеріп, көздеріңді бақырайтып түсесіңдер? Күлкілісіңдер ғой:)
ツ
20 жасында еркек playboy, 40 – playman, 60 – play-off, в 80 – game over болады екен!
ツ
Мектепте 3-ші сынып оқитын оқушы өз мұғаліміне қысқа хат жіберген екен былай деп: «Мен сізді сүйемін!» Мұғалім оған жауап береді: «Балаларды жек көремін». Оқушы оған жауап қайтара жазады: «Бала болмайды – кепіл беремін!»
ツ
- Ал егер ол сенің көзіңе шөп салса, сен оны тастайсың ба?
- Иә, 15-ші қабаттан.
ツ
Хабарландыру:
Ит сатылады, жап-жаңа, бірде бір рет үрмеген!
ツ
Ет-етке,
Сорпа-бетке,
Ескі киім - брәтішкеге!
ツ
Студент логикасы: күніне екі пар – ол өте көп, ал бір пар үшін сабаққа бармауға да болады!
ツ
Сіздердің де барлық заттарыңызды жуып,тазалап,үтіктеп қоятын күндеріңіз демалыс деп аталама?
ツ
Томат шырыны=денсаулық
Денсаулық=спорт
Спорт=жарыс
Жарыс=жеңіс
Жеңіс=ақша
Ақша=әйелдер
Әйелдер=жыныстық қатынас
Жыныстық қатынас=СПИД
СПИД=өлім
Қорытынды:Томат шырынын ішпеңіз!
ツ
Барға - шүкір, жоққа - сабыр.
ツ
-Сен осы қазақсыңба?!
-Да я казах,а что?
-Қанағаттандырылмағандықтарыңыздықтан деші онда!