Құдайдың берген сыйын Қытай алса,
Мұнайдың көптігінен пайда барма?
***
Айтатыны имандылық,
Жасайтыны "Иван қылық"
***
Жаңа жылға 85 күн қалды. Ал сенің, аяз атаға тақпағың дайын ба?
***
Кенеттен қар жауып кетуіне байланысты, биыл күзгі бал болмайтын бопты. Әрі жапырақтар да аз, киім тігуге.
***
"Егер сіздің қолыңызда 200,000 теңге болса не істер едіңіз?" деген сұраққа 85% жастар "iPhone 5c сатып алар едім" деп жауап береді.
***
Өткізу үшін шындықты, өтірік айттым азырақ (с) Қадыр Мырза-Әли
***
Қызың барда қаншама әдемі қыздар жазып,ызвондап есіңді шығарады,енді қайдасыңдар айналайындар-ау?!=)
***
Тасты мүжіп, құмды шайнап тастайтын қуатымыз тасып тұрған шақта телефон құшақтап, әр жерде шұқшиып отырамыз да қоямыз...
***
Ұлың бетiмен кетсе - "құлыптағы темiрде" ойланар,
Қызың бетiмен кетсе - клубтағы "темiрдi" айналар.
***
"Хабар" - күлдiрiп айтады,
"Ктк" - жылатып айтады.
***
Айта алмаса әндi әншiң - "плюс жазып" "ит" болар,
"Кентал" болса әр әншiң, "екi сөздi "хит" қылар.
***
***
Жiгiттiң де жiгiтi бар, бетке ұстары бiр бөлек,
Тұлпардың да тұлпары бар, лексустары бiр бөлек.
***
Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Бүгінде "қыдырдың" түн кезде
Дейтұғын бар ма ана: "Қой балам".
***
"Туған күнді" "туылған күн" дейтіндер туған жерін "туылған жерім" дей ме екен?)
***
"Қазір қолым бос емес,жұмысқа барып хабарласам".
***
Қонаққа барарда қара фломастер ала бар, тесік нәскидің бармағын бояп аларсын.
***
Биліктің былығын таксистерден артық білетін ешкім жоқ осы!
***
Бір күні бір асаба ағамыз статусына "лайк пен репост басқандардың үйінде күнде ТОЙ болсын, ал баспағандардың үйінде күнде БОЙ болсын!" - деп жазып қойыпты.
***
О, Құдай, не деген ЕРКЕК, Тусам ғой сенен бір тентек. Қалаймын қызды да тіпті, Туамын дедім, бітті! (Қазақша нұсқасы)
***
Құлағы естімейтін Күлиха апамыз өсекті ойдан шығаратын көрінеді...
***
Бізде алдыменен жолды жасап,одан кейін сол жасалған жолды қайта қазып,су жүргізіп,қайта жамап,ең соңында барып дәл сол жарымжан жолдың астаң-кестеңін шығарып қазып,тұрба жүргізіп тастайды...Welcom to Kazakhstan!
***
Ақшасы барлар әнші болады,актер,режиссер болады.Ал,ақшасы жоқтар отырып алып сыншы болады
***
Қыздар
арттарыңнан жүгірген жігіттерге мәз, риза бола бермеңдер,
футболисттерде гол салмағанша доптың артынан жүгіре береді ғой...