Муззон марапаттамасы
блог
Жақында Алматыда Муззон телеарнасының жыл сайынғы үздік орындаушылар мен музыкалық топтарды марапаттау премиясының бүге-шүгесін ашу мақсатында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Еуразиялық музыкалық Муззон телеарнасы 2009 жылдан бастап жас таланттардың денгейін жоғары көтеруге үлкен үлес қосып келеді. Бүгінгі танда жастардың өнерге деген, яғни эстрадалық әндерге деген құлшыныстары арта түсуде, сол себептен жыл сайын өткізіліп тұратын бұл байқау шоу-бизнес өкілдерін қолдауда үлкен рөл атқарып келеді. EMA Muzzone Awards музыкалық марапаттауын ұйымдастырушылардың айтуы бойынша әншілер мен музыкалық топтарға дауыс беру рәсімі әділ әрі ашық өтеді. Енді байқаудың номинациялары туралы айта өтсек. Байқаудың 20-ға жуық номинация түрлері бар. Солардың кейбірін атап өтсек: «Жеке орындау номинациясы», «Топтық номинация», «Дуэт номинациясы» және тағы басқалар. Гранприді ұтып алған әртістің бейнебаяны бір ай бойы Муззон телеарнасында тегін көрсетіледі. Баспасөз мәслихатының қонағы әрі өткен жылғы марапаттаудың «Үздік әнші» және «Жыл жаңалығы» номинациясының иегері, әнші Әли Оқаповты сұраққа тарттық.
- Әли, репертуарынызда қазақтың халық әндері бар ма?
- Халық әндері – барлық орындаушылар айтып жүрген әндер. Сондықтан мен халық әндері емес, кәсіби композиторлар жазған, бірақ халық әніне айналып кеткен әндерді айтамын. Мысалға айтсақ, Талғат Мысабаевтың «Пысық жеңгелер- ай» әні, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» деген әні және де анамның репертуарынан «Бір бала» , «Құсни қорлан» әні.
- Әли ағылшын тілінде ән жазу ойыңызда бар ма?
- Бір идеям бар, ресейлік композитор әрі досыммен қосылып ән айту ойда болған, бірақ мен әлі дайын емеспін. Мойындаймын мен біріншіден тек қазақ тілінде сөйлейтін жігітпін, кейде орысша ән айтамын. Сондықтан менің бірінші рет ресейлік орындаушымен қосылып айтатың әнім халыққа түсінікті және жағымды болғанын калаймын. Ал болашақта ағылшынша ән айту қажет болса мен қуана-қуана орындаймын.
- Әли, өзініздің Муззон телеарнасының музыкалық мараппатауында жеңіске жету мүмкіндігіңізді мүмкіндігінізді қалай бағалайсыз?
- Обективті бағалаймын. Мен бұл марапаттауда үш номинация бойынша ұсынылғанмын. Бірінші номинация – «Үздік орындаушы» ретінде қатысып жатырмын. Екінші номинация – «Үздік ән», үшінші номинациям – «Үздік бейнебаян». Үздік бейнебаян номинациясы бойынша жеңіске жетем деген сенімім бар. Өйткені «Алға» атты бейнебаяным эфирге шыққанда, тыңдармандардың жылы лебіздері өте көп болды. «Бұл бұрын соңды болмаған» деген пікірлерді жиі еститін болдым. Осы сөздерді есту маған өте жағымды болды. Өйткені біздің индустрияда алға озып шығу оңай емес. Бірақ бұл менің қолымнан келді. Неге «Үздік орындаушы» номинацияға сенім артпайсыз деп сұрасаңыз, мен бұл номинациядағы үздік орындаушылардың үштігіне де кірмейтін сияқтымын. Менің ойымша бұл номинацияда жеңіске жетуге лайықты екі орындаушы бар, бірақ олардың есімдерін сіздерге айтпаймын. Солнымен қатар мен өткен жылы екі премияны женіп алдым. Мысалы, мен ен үздік бейнебаян номинациясын осы жылы жеңіп алсам, сонымен қатар үздік орындаушы номинациясында да жеңіске жетсем, ол әділетсіздік болар еді. Ал ең үздік орындаушыға келетін болсақ, мен сахнада ән шырқап жүргеніме бір жарым жылдай ғана болды. Меннен басқа сахнада көп жылдар бойы ән айтып жүрген атақты әрі осы жеңіске лайықты әртістер бар. Әділқазылар алқасы мені таңдаса да, басқаны таңдаса да, бұл байқау әділ өтеді. Мен бұған сенімдімін.