Музейде қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Кітапхана бөлмесінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Көрмеге Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж студенттері, қала тұрғындары және музей қызметкерлері қатысты. 
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі ұйымдастырған шарада бөлім инспекторы А.Кәрім баяндама оқып арнайы әзірленген көрме желісімен таныстырды. 
Көрмеге репрессия жылдарына арналған әдеби кітаптар, фотолар БАҚ-жарияланған мақалалар сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Атаулы көрмені тамашалағандар нәубетті жылдардың қасіреті жайлы ой қозғап, ондай күндердің қайта келмеуін, тәуелсіз мемлекетімізде тыныштық пен береке, бірліктің арта беруін атап өтті.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.



Бөлісу: